Page 427 - indexf
P. 427

барынша мол ықпалы дененің бой мөлшеріне, аз ықпалы
көлемдік мөлшерге, ал одан да аз әсері дене құрамына болады.
Тұқымқуалаушылық коэффициентінің мөлшері сүйек ұлпалары
үшін едәуір жоғары, бұлшық етке азырақ, ал май ұлпалары үшін
ең төмен мәнге тең. Әйел организмінің тері асты клетчаткасы үшін
оның мәні тіптен, төмен болады (Б. А. Никитюк).

    Функциялық көрсеткіштер үшін көптеген физиологиялық
параметрлердің айтарлықтай генетикалық берілуі, олардың ара-
сында әсіресе, организмнің метаболизмдік сипаттамасы, аэробты
және анаэробты мүмкіндіктері, бұлшық еттегі жылдам және баяу
талшықтардың пайызы, жүректің көлемі мен мөлшері, ЭКГ сипат-
тамасы, тыныштық күйдегі систолалық және минуттық қан көлемі,
дене жүктемелері кезіндегі ЖЖЖ, артериялық қан қысымы, өкпенің
тіршілік сыйымдылығы (ӨТС), тыныс жиілігі мен тереңдігі, ты-
ныс алудың минуттық көлемі, дем алғанда және шығарғанда ты-
нысты кідіру ұзақтығы, альвеолалық ауа мен қандағы О2 мен СО2
парциалдық қысымы, қандағы холестерин мөлшері, эритроциттердің
тұну жылдамдығы, АВО қан тобы, иммундық статус, гормондық күй
және т.б. көрсеткіштер тән.

    Көптеген психологиялық, психофизиологиялық, нейродина-
микалық, сенсомоторлық көрсеткіштер, сенсорлық (сезім) жүйелері
сипаттамалары да және үлкен ми сыңарлары қыртысы электрлік
белсенділігі (ЭЭГ) көрсеткіштерінің көп бөлігі, ақпараттың өңделу
жылдамдығы, мидың өткізу қабілеті, зерделілік (интеллектуалдық)
коэффициенті, сенсорлық жүйелердің сезімталдығы табалдырығы,
түс ажырату мен оның кемістері (дальтонизм), қалыпты және алыс-
тан көргіштік рефракция, жүйке жүйесінің типтік ерекшеліктері,
темперамент белгілері, ми жарты шарларының доминанттылығы,
моторлық және сенсорлық ассимметрия және т.б. қатаң генетикалық
бақылауда болады.

    Көптеген мінез-құлық актілері тұтас гендер кешенімен
анықталады. Неғұрлым адамның мінез-құлқы күрделірек кел-
ген сайын, соғұрлым генотип ықпалы азырақ байқалады, ал
қоршаған орта рөлі басымырақ келеді. Неғұрлым күрделірек қимыл
дағдыларына қарағанда, барынша қарапайым қимыл дағдылары
үшін тұқымқуалаушылық жоғары болады.

    Адамның өмірлік тәжірибесі мен білімі артқан сайын генотиптің
салыстырмалы рөлі оның тіршілік ету барысында төмендей береді.

           427

⇐ МАЗМҰНЫ
   422   423   424   425   426   427   428   429   430   431   432