Page 428 - indexf
P. 428

Белгілердің жыныс бойынша тұқымқуалауында кейбір
айырмашылықтар байқалған. Мәселен, ер адамдарда көп ша-
мада солақайлық, дальтонизм, жүректің көлемі мен мөлшері
көрсеткіштері, артериялық қан қысымы, ЭКГ, қандағы холестерин
мен липидтердің мөлшері, саусақ таңбаларының сипаты, жыныстық
даму ерекшеліктері, сандық және кеңістіктік тапсырмаларды шешу
қабілеті, жаңа жағдайларда бағдарлау сынды қасиеттері тұқым қуа-
лай беріледі. Әйел адамдарда көп дәрежеде дене салмағы мен бойы,
моторлық сөйлеудің басталу мерзімі мен дамуы, ми жарты шарлары
қызметінде симметрияның көрінуі генетикалық бағдарламаланған.

    Дене сапаларының тұқымқуалауы
    Түрлі дене сапаларына тұқым қуалау ықпалы бір типті емес. Олар
генетикалық тәуелділіктің түрлі дәрежелерінде көрініс береді және
онтогенездің әртүрлі кезеңдерінде байқалады. Ең жоғары дәрежеде
генетикалық бақылауға бірінші кезекте жүйке жүйесінің ерекше
қасиеттерін, яғни жоғары лабилділік (қозудың өту жылдамдығы) пен
жүйке үдерістерінің қозғалғыштығын немесе ширақтығын (қозудың
тежелуге алмасуы және керісінше) талап ететін жылдам қозғалыстар,
сонымен қатар организмнің анаэробтық мүмкіндіктерін дамуы мен
қаңқа бұлшық еттерінде жылдам талшықтардың болуы қасиеттері
ұшырайды.
    Жай және күрделі қимыл реакцияларының уақыты, қозғалыстың
максималды темпі, жекеленген қимыл актілері жылдамдығы (соққы,
секіру, лақтыру) арқылы көрініс беретін шапшаңдық сапасы үшін
тұқымқуалаушылықтың жоғары көрсеткіштері тән болған. Егіздік
және генеалогиялық шежіре әдісі арқылы қысқа арақашықтыққа
жүгіру, теппинг-тест, максималды темпте қысқа уақытта велоэр-
гометр тебу, орнында тұрып секіру және т.б. жылдамдықты және
жылдамдықты-күштік жаттығулардың туа біткен қасиеттермен
(Н=0,70-0,90) аса тәуелділікте болатындығы дәлелденген. Соны-
мен қатар иілгіштік (икемділік) дене сапасының да тұқым қуалау
коэффициенті жоғары болған.
    Генетикалық ықпалдың аз дәрежесі абсолюттік бұлшық ет
күші көрсеткіштері үшін тән. Мысалы, оң қолдың динамометрлік
көрсеткіштері үшін тұқым қуалау коэффициенті Н=0,61, сол қол
үшін Н=0,59, сонымен қатар уақыт көрсеткіштері ретінде қарапайым
қимыл реакциясы үшін Н=0,84, күрделі қимыл реакциялары үшін
Н=0,80 болған.

           428

⇐ МАЗМҰНЫ
   423   424   425   426   427   428   429   430   431   432   433