Page 429 - indexf
P. 429

Тұқымқуалаушылықтың ең аз дәрежесі ұзақ циклдік жұмысқа
төзімділік және ептілік сапасы (үйреншікті емес жағдайларда
жаңа қимыл актілерін қалыптастыру қабілеті мен координациялық
мүмкіндіктер) көрсеткіштері бойынша байқалады.

    Басқаша айтқанда, ең көп жаттықтыруға «көнетін» дене сапала-
ры ептілік пен жалпы төзімділік, ал ең аз жаттығуға «көндігетін»
шапшаңдық пен иілгіштік болып табылады. Күш сапасы ор-
таша «көндігеді». Бұл Н. В. Зимкиннің көп жылдық спорттық
жаттықтыру үдерісінде түрлі дене сапаларының өсімі дәрежесі ту-
ралы мәліметтерімен дәлелденген. Мәселен, шапшаңдық сапасы
көрсеткіштері (спринтерлік жүгіруде, 25 және 50 м жүзуде) 1,5-2 есе,
жергілікті бұлшық ет топтарымен орындалатын жұмыс кезінде күш
сапасы 3,5-3,7 есе ұлғайса, 75-150%-дық ауқымды жұмыс кезінде
төзімділік сапасы ондаған есеге артқан.

    Генетикалық ықпалдардың көрініс табуы жасқа да байланысты.
Олар егде тарта бастаған жас кезеңдерімен салыстырғанда жастық
шақта (16-24 жаста) көбірек байқалады. Генотип ықпалы, сонымен
қатар жұмыс қуаттылығына да байланысты, яғни жұмыс қуаттылығы
артқан сайын олар өсіп отырады.

    Тұқымқуалаушылықтың адамның дене сапасы қасиеттері мен
морфологиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне ықпалы онтоге-
нез кезеңдерімен байланысты болып келеді. Сыни және сенситивті
кезеңдер болады.

    Сыни кезең қандай да бір организм белгілерінің
дамуын бақылайтын жекелеген гендер мен олардың кешендерінің
жоғары белсенділігімен сипатталады. Бұл кезеңдерде нәтижесінде
организмнің тіршілік етуінің жаңа деңгейіне бейімделуі мен оның
сыртқы ортамен өзара әрекеттесуі мүмкіндігіне әкелетін ретте-
лу үдерістерінде айтарлықтай қайта құрылулар, жеке мүшелер
мен физиологиялық жүйелер дамуындағы сапалық және сандық
кенет өзгерістер орын алады. Мұндай қайта құрылулар организм
бостандығы дәрежесінің санын ұлғайтады, адам мінез-құлығының
жаңа көкжиектерін ашады.

    Сенситивті кезеңдер – генетикалық бақылаудың төмендеу
және сыртқы орта, соның ішінде педагогикалық пен жаттықтыру
ықпалдарына организмнің жекеленген белгілерінің сезімталдығы-
ның жоғары кезеңі.

    Сыни және сенситивті кезеңдер тек ішінара сәйкес келеді. Егер

           429

⇐ МАЗМҰНЫ
   424   425   426   427   428   429   430   431   432   433   434