Page 430 - indexf
P. 430

сыни кезеңдер өмірдің жаңа жағдайларына (мысалы, жасөспірімнің
өтпелі кезеңі кезінде) организмнің тіршілік етуінің морфологиялық-
физиологиялық негізін құрса, онда сенситивті кезеңдер осы
мүмкіндіктерді қоршаған ортаның жаңа жағдайларына, талаптары-
на сай организм жүйелерінің барабар қызмет етуін қамтамасыз ете
отырып, жүзеге асырады.

    Дене тәрбиесі мен спорт саласындағы жаттықтырушылар мен
педагогтар үшін сенситивті кезеңдерді білу аса маңызды, мәселен
сол бір дене жүктемесінің көлемі, жаттығу сабақтарының мөлшері,
жабдықтарды қолдану және т.б. тек сенситивті кезеңде ғана басқа
жас кезеңдерінде қол жетімді болмайтын ең жоғары жаттығу әсерін
қамтамасыз етеді. Сонымен қатар сенситивті кезеңдерді ескеру
спортшының дене сапасының ерекшеліктері мен организм күйін
дұрыс бағалау мақсатында спорттық іріктеу жүргізу кезінде де қажет.

    Түрлі дене сапалары үшін сенситивті кезеңдерге
гетерохрондылық тән, яғни дене сапалары дамуы бір мезгілде
жүрмейді. Алайда, олардың басталу мерзімдерінің жеке дара
нұсқалары бар болғандықтан орта есеппен жалпы заңдылықтарды
бөліп көрсету мүмкін болады. Мәселен, шапшаңдық сапасының
түрлі көрсеткіштерінің сенситивті кезеңі 11-14 жаста байқалып, 15
жаста ол максималды деңгейге жетеді. Осыған жуық көрініс онтоге-
незде ептілік пен иілгіштік сынды дене сапаларының көрінуінде де
байқалады.

    Біраз кейінірек күш сапасының сенситивті кезеңі байқалады.
Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасында жылдан жылға
біраз артып отыратын күш өсімінің салыстырмалы қарқындарынан
кейін 11-13 жаста олардың біраз баяулауы орын алады. Содан соң
бұлшық ет күші дамуының сенситивті кезеңі спорттық жаттықтыру
кезінде әсіресе, күш өсімі маңыздырақ болып келетін 14-17 жас
аралығында басталады. 18-20 жастағы бозбалаларда (қыз балалар-
дан 1-2 жас ертерек) негізгі бұлшық еттер күші максималды мәнге
жетеді. Төзімділіктің сенситивті кезеңі шамамен, 15-20 жаста бас-
талып, осыдан кейін оның максималды көрінуі мен рекордтық
жетістіктері стайерлік арақашықтықта жүгіру, жүзу, ескек есу, шаңғы
жарысы және басқа да төзімділікті қажет ететін спорт түрлерінде
байқалады.

           430

⇐ МАЗМҰНЫ
   425   426   427   428   429   430   431   432   433   434   435