Page 431 - indexf
P. 431

Спорттық іріктеуде адамның физиологиялық-генетикалық
                         ерекшеліктерін ескеру

    Адамның морфологиялық-физиологиялық ерекшеліктері мен
оның дене сапасына тұқымқуалаушылықтың қаншалықты ықпал
ететіндігін білу ең көп дәрежеде генетикалық бақылауда болатын,
яғни жаттықтыру барысында өзгеріске аз ұшырайтын және барын-
ша болжамалы болып табылатын көрсеткіштерге сүйене отырып,
спорттық іріктеуді жүргізуге мүмкіндік береді.

    Спорттық іріктеуде отбасылық тұқымқуалаушылықты ескеру
    Спорт практикасында отбасылық тұқымқуалаушылықтың рөлі
белгілі. Спорттық дәрігер-физиолог Пер-Олаф Астранд мәліметтері
бойынша айтулы спортшылардың 50% жағдайда балалары айрықша
спорттық қабілеттілікке ие келеді. Көптеген ағайындылар спорт-
та жоғары нәтижелер көрсеткен. Автор мысалға, Дерюгиндер
отбасындағы анасы мен қызын, ағайынды Знаменский, апалы-сіңілі
Пресс және т.б.-ды көрсеткен. Егер ата-анасының екеуі де айтулы
спортшылар болса, онда олардың балалары жоғары нәтижелерге
70% жағдайда қол жеткізуі мүмкін.
    Теппинг-тест орындау жылдамдығы көрсеткіштері бойынша
зерттеулер нәтижелері келесідей болған: егер екі ата-ана да теп-
пинг тест бойынша «жылдамдар» тобына жатса, онда мұндай ата-
аналардан дүниеге келген балалар арасында «баяуларға» (тек 4%)
қарағанда «жылдамдар» айтарлықтай көп (56%) болған. Егер ата-
ананың екеуі де «баяуға» жатса, онда балаларының 71%-ы «баяу-
лар» басым болып, ал қалғандары (29%) «орташа» болған.
    Отбасы ішілік ұқсастықтар жаттығу сипатымен, популя-
ция ерекшеліктерімен, отбасында баланың дүниеге келу ретімен
тәуелділікте болған.
    Отбасы ішілік барынша өзара тығыз байланыс жоғары
жылдамдықты циклдік және жылдамдықты-күштік жаттығулар
үшін тән. Дәстүр бойынша таңдаулы әулеттің балалары оқитын
ағылшын жабық колледждері мұрағаттарын зерттеу нәтижелері 12
жаста балалар мен олардың ата-аналарының қимыл қабілеттерінің
белгілі бір ұқсастықтарын көрсеткен. Кейбір морфологиялық
белгілер мен жылдамдықты-күштік жаттығуларға тән нақтылы кор-
реляция байқалған, мысалы, адам бойы бойынша (r = 0,50), 50 ярдқа
(ағылшын өлшем жүйесіндегі ұзындық өлшемі: 1 ярд = 3 фут = 91,

           431

⇐ МАЗМҰНЫ
   426   427   428   429   430   431   432   433   434   435   436