Page 438 - indexf
P. 438

морфологиялық, психофизиологиялық және психологиялық пара-
метрлер үлгісін жасау қажет.

    Таңдаулы спорт түріне бейімделудің даму жылдамдығы
мәселелері

    Теплов-Небылицин дифференциациялы психология мектебінде
жүйке үдерістерінің күші, қозғалғыштығы және лабилділігімен
қатар туа біткен маңызды қасиеттердің бірі – жүйке жүйесінің
біріншілік қасиеті ретінде динамикалық немесе үйрету қасиеті
жайында мағлұматтар келтірілген (В. Д. Небылицын 1963-1972).
Үйрету шартты рефлекстердің түзілу жылдамдығы ретінде
түсіндірілген.

    П. К. Анохиннің қызметтік жүйе туралы ілімінің дамуы
үйрету туралы мағлұматтарды өзгертті. В. М. Русалова (1989)
анықтамасы бойынша динамикалылық немесе үйрету – организм-
де жаңа қызметтік жүйелердің қалыптасу шапшаңдығы. Адапто-
логияда спорттық жаттығу үдерісінде жүктемелерге спортшының
физиологиялық жүйелерінің бейімделуі және оның бейімделу
жылдамдығының рөлі жайында мағлұматтар бар.

    Мұнда организм қызметтерінің қайта құрылу дәрежесі әр адам
үшін генетикалық белгілі бір нормамен, яғни организм түрлі
белгілерінің өзгергіштігі аясында, ал жылдамдық уақыт бойынша
белгілердің өзгерістерін бақылап отыратын арнайы (темпоралды)
гендермен шек қойылып отырылады.

    Әрбір индивид үшін бұл гендер белсенділігінің өзіндік хроно-
логиясы, яғни уақытты санау жүйесі бар. Ол организмнің жеке дара
өсуі мен дамуын, жасуша ядросындағы генетикалық ақпараттың
берілу ұзақтығын, жасушада қажетті белоктардың синтезін, же-
келенген гендердің белсенділігінің қосылуы мен өшірілуін, жеке
белгілердің дамуының сыни және сенситивті кезеңдерінің басталу
моментін, олардың өту ұзақтығын, организмнің түрлі жүйелерінің
функциялық белсенділігі қарқынын, адамның оқып үйрену
жылдамдығын және т.б. тіршіліктің уақыттық параметрлерін
анықтайды. Мысалы, жасөспірімдердің бір тобында өтпелі кезең 5-6
жыл бойына, ал басқаларында небәрі 1,5-2 жыл ішінде өтуі мүмкін.
Егіздерге зерттеу жүргізу нәтижелері оқып үйренудің генетикалық
табиғатын көрсетті. Vogel F., Motulsky A. (1990) жүргізген түрлі түсті
пішіндер жұбын 30 с-та біріктіру арқылы орындалатын арнайы тест
қолдану кезінде бір жұмыртқалы егіздерде меңгеру жылдамдығы

           438

⇐ МАЗМҰНЫ
   433   434   435   436   437   438   439   440   441   442   443