Page 439 - indexf
P. 439

бірдей болған, ал екі жұмыртқалы егіздер арасында нақтылы елеулі
айырмашылықтар орын алған.

    Демек, жоғары және төмен дәрежеде жаттыққан спортшы-
лар тек жұмысқа қабілеттіліктерінің өзгерістері, дене сапасы мен
функциялық көрсеткіштердің мөлшері бойынша ғана емес, соны-
мен қатар барлық осы көрсеткіштердің өзгеру жылдамдығы мен
сәйкесінше, жоғары спорттық нәтижелерге жету уақыты бойынша да
бір-бірлерінен ерекшеленеді. Жаттықтыру әсерінің даму мөлшері мен
жылдамдығы тәуелсіз өзгермелі болып табылады. Бұл факторларға
байланысты шыныққандықтың 4 нұсқасы бар (шыныққандық ту-
ралы толығымен жаттығу жүктемелерінің жіктелуін, спорттық
жаттығулардың қағидаларын және жоспарлануын физиологиялық
негіздеу 8-тарауда толығымен баяндалған):

    1.	 Жоғары жылдам шыныққандық: жүйелі жаттығудың алғашқы
кезеңдерінде барынша жылдам өсіп барып, содан соң «қанығу
деңгейіне» (мүмкіндігінше максималды жаттығу әсеріне) баяу
(асимптотикалық-нышансыздық) жуықтай отыра аз өзгеретін үлкен
әсер.

    2.	 Жоғары баяу шыныққандық: біртіндеп, баяу өсіп отыратын
үлкен жаттықтыру әсері.

    3.	 Төмен жылдам шыныққандық: жүйелі жаттығудың салыс-
тырмалы қысқа кезеңінде-ақ көрінетін және тез артатын, әрі қарай
аз өзгеріске ұшырайтын үлкен емес жаттықтыру әсері.

    4.	 Төмен баяу шыныққандық: жүйелі түрде жаттықтыру
үдерісінде баяу өсетін азғантай жаттығу әсері.

    Осы іспеттес жеке дара физиологиялық-генетикалық
ерекшеліктердің болуы көп жылдық спорттық жаттықтыру
үдерісінде көп сатылы іріктеу қажеттілігін негіздейді.

Спорттық мамандандыру мен жарыс стилін барабар және
                    барабар емес таңдау маңызы

    Спортшының шыныққандығын одан әрі жақсы дамыту үшін
іріктеу және болжау жоспарында:

    1.	 Спорттық мамандандыру мен жарыс стилін барабар таңдау;
    2.	 Спортшының арнаулы жүктемелерге бейімделу жылдам-
дығына генетикалық ықпалды ескере отырып, көп жылдық

           439

⇐ МАЗМҰНЫ
   434   435   436   437   438   439   440   441   442   443   444