Page 437 - indexf
P. 437

С. Альварес бойынша көп сатылы іріктеу үдерісінде дене
жүктемелеріне жауап берудің гипокинетикалық типі (олар шама-
мен, 21%-ға жуық) мен гипокинетикалық топпен салыстырғанда
неғұрлым жоғары жаттығу әсерін көрсететін жауап берудің
гиперкинетикалық типін (26%) ажыратады.

    Л. Р. Кудашева (1997) мәліметтері бойынша да осы шамалас
жоғары дәрежеде шыныққан спортшылар саны да аэробты және
анаэробты мүмкіндіктері жоғары мобилденетін және ең қуатты
ситуациялық спорт түрлері өкілдері арасында байқалған. Мысалы,
волейболшылар арасында – 10%, баскетболшылар – 18%, футбол-
шылар – 33% болған.

    Е. Б. Сологуб, 3. Ю. Бедрина жүргізген жоғары білікті баскетбол-
шыларда тактикалық ойлауды зерттеу тактикалық тапсырмаларды
шешуде ақпаратты қайта өңдеу қабілетінің ұлғаю дәрежесі бойынша
спортшыларды 3 топқа жіктеуге мүмкіндік берген.

    1.	 Жоғары қабілетті баскетболшылар барлық зерттелінген
спортшылардың 30%-ын құраған. Олар 12 рет жүргізілген жаттығу
сабақтарынан кейін мидың өткізу қабілетінің өсімі (С) 1,8 бит/с
болған. Мұнда, ойын кезінде өткізу қабілетінің орта есеппен
бастапқы деңгейі С=2 бит/с;

    2.	 Барлық бақыланған спортшылардың 44%-ын құраған орташа
деңгейлі баскетболшылар С=1.5 бит/с;

    3.	 Үйретудің төмен деңгейі тән баскетболшыларда (26%) С=1,2
бит/с болған.

    Тактикалық міндеттерді шешуде жоғары деңгей тән спортшы
баскетболшыларды іріктеу үшін ақпараттық психофизиологиялық
көрсеткіштер анықталған. Олар өзін-өзі бағалаудың Спилбергер-Ха-
нин шкаласы бойынша мазасыздықтың төмен деңгейімен, өзін-өзі
сезіну мен көңіл-күйін бағалауда сынның жоғары болуымен және
зейін концентрациясы мен таңдаудың жоғарылығымен сипатталады.

    Жоғарыдағы мәліметтерді саралай келе, морфологиялық-
физиологиялық көрсеткіштер мен спорттық жетістіктерінің орташа
көрсеткіштері тән болып келетін негізгі тұлғалармен қатар жаттығу
кезінде бұл көрсеткіштер өсімінің жоғары немесе төмен деңгейіне
ие тұлғалардан құралған топтар (10-30%) да бар деп тұжырымдауға
болады. Жоғары жаттыққан тұлғаларды іздеу спорттық іріктеудің
басты міндеті болып табылады. Бұл міндетті шешу барысын-
да әрбір таңдаулы спорт түрі үшін ақпараттық физиологиялық,

           437

⇐ МАЗМҰНЫ
   432   433   434   435   436   437   438   439   440   441   442