Page 436 - indexf
P. 436

Қаңқа бұлшық еттеріндегі талшықтар композициялары
(құрамы) маңызды болжамалы белгілердің бірі болып табылады.
Тұқымқуалаушылық коэффициенті баяу немесе жылдам талшықтар
үшін ер адамдарда 0,99 және әйелдерде 0,92 тең екендігі белгілі.
Осыған орай адамда спортпен көпжылдық шұғылдану барысында
оған тән баяу және жылдам бұлшық ет талшықтарының санында
өзгерістер болмайды. Сондықтан бұл көрсеткіш іріктеудің бастапқы
сатыларында ескерілуі қажет көрсеткіштер қатарына жатқызылады.
Санның төрт басты бұлшық еті талшықтары композицияларын
зерттеу нәтижелері орта есеппен алғанда адамдарда І типті баяу
(тотығатын) талшықтардың таралуы аталмыш бұлшық еттегі
барлық талшықтар санының 50-60%-ын құрайтындығын көрсеткен.
Мысалы, академиялық есумен ұзақ уақыт шұғылдану барысында
жеке тұлғалардың өздеріне лайық талшықтарының арақатынасы
өзгермейді. Ю. И. Афанасьев, С. Л. Кузнецов мәліметтері бойынша
біліктіліктері төмен (І санаттағы ересектер мен бозбалаларда) ескек
есушілерде санның төрт басты бұлшық етіндегі баяу талшықтардың
саны 44-82% құрайды және ол жоғары білікті спортшыларда (спорт
шеберлігіне кандидат және спорт шеберлері) 47-73%-ға жуық бола-
ды. Осымен қатар баяу немесе жылдам талшықтардың айтарлықтай
басым келуі тән субпопуляциялар (халықтың аздаған тобы) да бар.
«Ұлы стайерлер туа бітеді» дегендей баяу талшықтар басым келетін
бірінші топтан болашақ стайерлерді, ал екінші топтан спринтерлерді
(«Ұлы спринтерлер туа бітеді») іздеу қажет.

    Осы іспеттес организмнің аэробты мүмкіндіктеріне қатысты сол
бір көрсеткіш – ОМП мөлшері бойынша реакцияның кең көлемді
нормасы мен тар көлемді нормасы тән жеке тұлғалар (индивид)
да бар. Оларда жаттығу үдерісінде бұл көрсеткіш өсімінің орта-
ша популяциялық мәннен аса зор айырмашылығы болады. Әдетте,
көпшілік адамдарда ОМП өсімі орта есеппен бастапқы деңгейдің
30%-ға жуығын құрайды. Алайда, канадалық ғалымдардың
(Bouchard С және әріпт.) егіздерді зерттеу нәтижелері велоэрго-
метрде бірдей аэробты жұмыстарды орындау кезінде жаттығу
дәрежесінің генетикалық тәуелділігін көрсетті.

    Жеке адамдардың 5-10%-ын құрайтын бір тобында ОМП
мөлшерінің жоғарылауы 15 апталық жаттығу циклдері ықпалынан
60%-ға жетсе, ал бақыланған топтың тек 4%-ынан тұрған басқа
топ өкілдерінде сол кезеңдегі өсім 5%-дан аспаған. Бұл жеке дара
ерекшеліктер туа біткен қасиет болып табылады.

                                      436

⇐ МАЗМҰНЫ
   431   432   433   434   435   436   437   438   439   440   441