Page 433 - indexf
P. 433

атадан кейінгі ұрпақта мутантты гендердің әсері байқалмайтынын
көрсетеді. Сондықтан біздің бабаларымыз жеті атадан соң кейбір
ағайындар арасында қыз алысуға рұқсат еткені белгілі. Бұл құбылыс
шығыс халықтарының ішінде еврейлерде, Өзбекстанның кейбір ау-
дандарында, жапондықтарда кездеседі. Өз шежіресін білу туыстар
арасындағы жақындықты, бауырлар арасындағы сүйіспеншілікті,
ата-баба, апа-әжелерді есте сақтауға көмектесіп, туыстық некенің
болуын азайтады. Неміс, еврей және ағылшындар отбасылары өз
шежіресін болашақ ұрпаққа қалдырып отырады екен.

    Адамның спорттық қабілеттерін анықтайтын көптеген
морфологиялық-физиологиялық (адам бойы мен аяқ-қолдары
ұзындығы, жүрек пен өкпе мөлшері мен көлемі, ақыл-ой қабілеті,
кеңістікті қабылдау, түсті, дыбысты, сөзді ажырату қабілеті және
көптеген басқа да) белгілер генетикалық тәуелділікте болады және
ата-аналарынан тұқым қуалай беріледі.

    Л. П. Сергиенко (1993) жоғары санаттағы спортшылар-
дан тұратын 163 отбасын зерттей отырып, адамның спорттық
қабілеттерінің тұқымқуалауына арнайы талдау жүргізген. Олардың
ішінде 15 спорт шебері, 120 халықаралық санаттағы спорт шебері,
28 еңбек сіңірген спорт шеберлері – Олимпиадалық ойындардың
жеңімпаздары, әлем, Еуропа, КСРО біріншіліктерінің жеңімпаздары
мен жүлдегерлері болған.

    Көбіне жоғары жетістіктер (66.26%) балалар-ата-аналар ара-
сында жақын ұрпақтарда жиі байқалған. Мұнда тұқымқуалаудың
рецессивті типі жағдайындағыдай ұрпақтарда «үзу» болмаған. Осы-
дан тұқымқуалаудың доминантты типі тән деп болжам жасалынған.

    Айтулы спортшылардың аға-қарындастары, ата-аналарында
қозғалыс белсенділігі қарапайым популяциядағы адамдарға тән
деңгейден жоғары болатындығы анықталған. Дене еңбегі неме-
се спортпен 48,7% ата-ана шұғылданған, соның ішінде аналарға
(18,99%) қарағанда әкелер (29,71%) көбірек айналысса, ал апа-
қарындастарына (42,05%) қарағанда аға-бауырлары (79,41%)
неғұрлым белсендірек болған.

    Спортшы-ер адамдардың аналарының спортпен шұғылданып,
ал әкелері спортпен айналыспаған бірде-бір жағдай болмаған. Ай-
тулы спортшылардың әйел жыныстыларға қарағанда еркек жыныс-
ты туыстары едәуір көп болған. Ер адамның еркек жынысты туыс-
тары әйел адамның әйел жынысты туыстарына қарағанда барынша
жоғары спорттық біліктілікке ие.

                                      433

⇐ МАЗМҰНЫ
   428   429   430   431   432   433   434   435   436   437   438