Page 441 - indexf
P. 441

қорларының тез азаюына, тіпті, кейде сарқылуына орай спорттық
шеберліктің артуының тоқтауына да әкеледі.

    Осыған орай практикада спорт түрі мен жарыс стилін (шабуыл-
шы немесе қарсы шабуылшы) барабар таңдаудың аса маңызы зор.

    Алайда, кейбір мәліметтерге сүйенсек, самбошы-күрескерлер
арасында спортшылардың жартысына жуығы дерлігі өздерінің туа
біткен типтік ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін стилді қолданады
екен. Осының салдарынан спорттық техниканы меңгеру қарқыны
баяулайды, спорттық нәтижелер төмендейді, спорттық дәреже
нормативтерін орындау мерзімі артады. Шабуылшы ма, әлде қарсы
шабуылшы стилі ме, оған тәуелсіз «өзінің» стилін қолдану спорттық
шеберліктің өсуі жылдамдығын арттырады және бұл айырмашылық
неғұрлым спорттық біліктілік жоғары болған сайын, соғұрлым
көбірек болады. Мысалы, самбошы-күрескерлерде «өз» стилдерін
(4 жылда) таңдау кезінде «басқа» стилді (5 жыл 4 айда) таңдаумен
салыстырғанда 1 дәрежедегі нормативтер орындау уақыты 1,5 жылға
жуық азырақ болады. Спорт шеберлігіне кандидат нормативін орын-
дау 2 жылдан аса ерте уақытта, яғни бұл нормативке стилін дұрыс
таңдамағандар 7,2 жылда, ал өз стиліндегілер 5 жылда-ақ қол жеткізе
алады. «Өз» стиліндегілер (6 жылда) «басқа» стилдегілерге (11 жыл
2 айда) қарағанда спорт шебері нормативін тіптен 5 жылдан да көп
уақыттан бұрын орындай алады.

    Ситуациялық спорт түрлерімен шұғылданатын, яғни боксшы,
волейболшы, баскетболшы және т.б. спортшылар ішінде көптеген
психологиялық-физиологиялық көрсеткіштер бойынша шабуылшы
мен қарсы шабуылшы стиліндегі спортшылар арасында айтарлықтай
айырмашылықтар орын алған (Сологуб Е.Б. және әріпт., 1986, 1993).

    Мәселен, қарсы шабуылшылармен салыстырғанда шабуылшы
боксшыларда тактикалық ойлау мен сенсомоторлық реакциялардың
уақыттық көрсеткіштері нақтылы қысқарақ болады, теппинг-тест
пен бұлшық ет күші көрсеткіштері жоғары, жұмыс алдыңғы элек-
троэнцефалограммада (ЭЭГ) алдын ала күйге келтірудің барынша
жоғары деңгейі, яғни ми қыртысы белсенділігінің синхрондалуы
(бірнеше үдерістерді уақыт жағынан дәл, сәйкес келтіруі) тән, ал
қарсыласымен жұптық өзара әрекеті кезінде электроэнцефалограм-
мада (ЭЭГ) мидың сол жақ жарты шарының төменгі төбелік, көру
және моторлық бөлімдерінде қозғалысты басқарудың неғұрлым
асимметриялық жүйесі (шартты түрде «қабылдау жүйесі»)

           441

⇐ МАЗМҰНЫ
   436   437   438   439   440   441   442   443   444   445   446