Page 442 - indexf
P. 442

қалыптасады. Кері байланысты электромиография (ЭМГ) кезінде
бұлшық ет күшеюін ерікті басқару қабілетінің өсімі азырақ көрінген.

    Ал қарсы шабуылшы боксшыларда жетекші рөлді мидың
маңдай алды бөлімі атқаратын үлкен ми сыңарлары қыртысында
өзара байланысты белсенділіктің неғұрлым симметриялы жүйесі
(«шешім қабылдау жүйесі»), Г. Айзенктің ауызша тесті бойын-
ша интеллектуалдылықтың (зерделіліктің) барынша жоғары
коэффициенті, кері байланысты электромиография (ЭМГ) кезінде
бұлшық еттің сезінуі мен тағайындалған (берілген, орындалуға
тиіс) күш салудың жаңадан өндіру дәлдігінің барынша табысты
жетілдірілуі орын алған.

    Волейболшы, баскетболшы, футболшы және сайыскер спорт-
шыларды зерттеу барысында алынған ұқсас мәліметтер шабуыл-
шыларды вербалды емес (тілден тысқары) ойлау тән тұлғаларға,
И.П. Павлов бойынша «көркем» типке, ал қарсы шабуылшыларды
(қорғаушыларды) вербалды (сөзбен білдіру) ойлау тұлғаларына не-
месе «ойшыл» типке жатқызуға мүмкіндік береді.

    Шабуылшы және қарсы шабуылшы стилі тән спортшылар топ-
тарында 2/3 бөлігі туа біткен жеке дара-типологиялық ерекшелікте-
ріне сәйкес келетін жарыста өз стилдерін тапқан спортшылар бол-
са, 1/3 жуығына барабар емес таңдау тән, олар бұл таңдауларын
организмнің басқа да қызметтік мүмкіндіктерімен компенсациялауы
(өтеуі) ықтимал. Дегенмен, стилді дұрыс таңдамау әсіресе, жүйке
жүйесінің жылдамдығына байланысты қасиеттері мен қимыл ап-
параты сынды барынша генетикалық ықпалдың бақылауында бо-
латын сапаға ие шабуылшы спортшылар шеберліктерінің өсуін
айтарлықтай қиындатады (29-кесте). Мысалы, жоғары жетістіктер
спортында ұрыс жүргізудің барабар мәнерін таңдамаған шабуылшы
боксшылардың үлесі (І санаттағы спортшылар тобында) 36%-дан
(спорт шебері мен халықаралық спорт шебері топтарында) 25%-ға
дейін қысқарады.

    Спортшыларды физиологиялық-генетикалық ерекшеліктері бо-
йынша дифференциациялау оларды үйретудегі түрлі педагогикалық
әдістерінің негізін құрайды. Және жаттығуларды дұрыс іріктеуге,
барабар өз стилін таңдауға, жарыстың табысты болуын моделдеу
мен болжау алгоритмдерін жасауға мүмкіндік береді.

           442

⇐ МАЗМҰНЫ
   437   438   439   440   441   442   443   444   445   446   447