Page 435 - indexf
P. 435

рысында да айтарлықтай өзгерістерге ұшырай қоймайды. Оларға
бой ұзындығы, қанның гомеостатикалық қасиеттері, қаңқа бұлшық
еттеріндегі бұлшық ет талшықтарының құрамы, жүйке жүйесінің
типтік ерекшеліктері және т.б. жатады. Ал басқа көрсеткіштерге
фенотипте айтарлықтай өзгерістердің орын алуымен көрінетін
реакцияның кең көлемді нормасы тән. Оларға дене массасы, бұлшық
еттегі митохондрия мөлшері, сыртқы тыныс алу, қан айналым
жүйесінің көптеген көрсеткіштері және т.б.

    Спорттық іріктеу кезінде бірінші кезекте ең жоғары болжа-
малы болатын, себебі жаттықтыру үдерісінің оларға ықпалы аз
болатындықтан аз өзгерістерге ұшырайтын көрсеткіштерге мән
беру қажет. Нақ осы көрсеткіштер жаттықтыру үдерісінде спорттық
жетістіктерді лимиттейтін болады.

    Көптеген жылдар бойы жүйелі түрде спортпен айналысу немесе
кәсіби шұғылдану барысында адамның генетикалық ерекшеліктерін
айқындайтын мидың электрлік белсенділігі амплитудалық-жиілікті
сипаттамалары – электроэнцефалограмма (ЭЭГ) еш өзгеріске
ұшырамайды. Жеке адамның (индивид) реакцияның тар көлемді
нормалы бұл табиғи қасиеттерін бастапқы іріктеуде-ақ ескеру қажет.
Мәселен, шапшаңдық сапасының өте жақсы дамуы талап етілетін
ситуациялық (стандартты емес-үзілістік) спорт түрлеріне іріктеу
кезінде ЭЭГ альфа-ырғағының жоғары жиілігі тән тұлғаларға көңіл
бөлу қажет (α Альфа-ырғақ немесе Бергер ырғағы – мидың 8-13 Гц
жиіліктегі және 50мкВ-ге дейінгі амплитудасы болатын жиынтық
потенциалының тербелістері, ЭЭГ-де адамның сергек күйінде басым
болып байқалатын тербелістер). Жоғары білікті баскетболшылардың
ЭЭГ зерттеу оларда бұл тыныштық ырғақтың жиілігінің секунды-
на 11-12 тең, яғни жоғары екендігін, ал шаңғышы-жарыскерлерде
бар болғаны секундына 9-10 тербелісті құрағандығын көрсеткен.
Бұған қарама-қарсы спорттық жаттықтыру ықпалынан ми қыртысы
потенциалдарының кеңістіктік-уақыттық қатынастары айтарлықтай
өзгерістерге ұшырайды. Е. Б. Сологуб және әріптестерінің
мәліметтері бойынша үлкен ми сыңарларының қыртысында
таңдаулы спорт түрлерінде қалыптасқан қимыл дағдыларының
ерекшеліктерін бейнелейтін өзара байланысты белсенділіктің ар-
найы жүйелері пайда болады. Бұл ерекшеліктер спортшылардың
функциялық дайындығы деңгейін көрсетеді және оларды іріктеудің
жоғарырақ кезеңдерінде ескеру керек.

           435

⇐ МАЗМҰНЫ
   430   431   432   433   434   435   436   437   438   439   440