Page 434 - indexf
P. 434

Сонымен, спортшы-ер адамдардың қимыл қабілеттері
генетикалық әке жақтан берілетіні сөзсіз.

    Спортшы-әйел адамдардың бұдан айырмашылығы олардың
спорттық қабілеттері көбіне, анасы жақтан тұқым қуалай берілген.

    Айтулы спортшылар көбіне екі (44,79%) немесе үш бала-
лы (21,47%) отбасының кенжелері болған (арнаулы зерттеу-
лер жүргізілмесе де қазақ фольклорында үш ағайындылардың
кенжелерінің ерекше, дара болып келуі сирек кездеспейді).

    Спорттық мамандандыру таңдауда отбасылық ұқсастықтардың
ерекше заңдылықтары, яғни күреспен (85,71%), ауыр атлетика-
мен (61,11%) және сайыспен (55,0%) айналысуды таңдауда ең көп
ұқсастықтар, ал баскетбол, бокс (29,4%), акробатика (28,575) және
волейбол (22,22%) сынды спорт түрлерін таңдауда ең аз ұқсастықтар
орын алған.

    Спортшының жаттығу дәрежесін ескеру.
    Адамның мүддесі мен мүмкіндіктеріне жауап беретін барабар
спорт түрін таңдау оның жоғары спорттық жетістіктерге жетуіне
толық кепілдік бере алмайды. Спорттық шеберліктің өсуінде
спортшының жаттығу дәрежесі немесе спорттық бапталуы деп ата-
латын, яғни жүйелі түрде жаттықтыру ықпалынан оның функциялық
және арнайы спорттық мүмкіндіктерін жоғарылату қабілеті
айтарлықтай рөл атқарады.
    Спортшының жаттығу дәрежесі (немесе бапталуы):
    1.	 Көп жылдық спорттық дайындық үдерісінде организмдегі
түрлі белгілердің өсімі дәрежесі;
    2.	 Организмдегі аталмыш өзгерістердің жылдамдығы сияқты
екі көрсеткіштің жиынтығымен қамтамасыз етіледі.
    Спортшы организмі түрлі көрсеткіштерінің өсімі дәрежесін
қарастырайық. Адамның дене сапалары мен функциялық жеке
көрсеткіштерінің өзгергіштігі шамасы туа пайда болған реак-
ция қалыптарына (норма), яғни жеке дара даму жағдайы мен
сыртқы орта факторларының өзгерістеріне жауап беретін, бұл
белгілерді бақылауда ұстайтын гендер қабілеттілігіне байла-
нысты (Түрлі физиологиялық қызметтер деңгейін анықтауда
тұқымқуалаушылықтың рөлі 8-тарауда қарастырылған болатын).
    Көрсеткіштердің бір тобына реакцияның тар көлемді нормала-
ры тән. Олар орташа алғанда, тіпті, сыртқы жағдайлардың елеулі
ауытқулары кезінде де, соның ішінде ұзақ уақыттық жаттығу ба-

           434

⇐ МАЗМҰНЫ
   429   430   431   432   433   434   435   436   437   438   439