Page 440 - indexf
P. 440

даярлықтың әрбір кезеңдерінде көп сатылы іріктеу сияқты 2 фактор
қажет.

    Тек осы екі факторды қатар үйлестіру ғана жоғары жетістіктер
спорты деңгейінде жақсы нәтижелерге жету мен спортшы ден-
саулығының сақталуын қамтамасыз ете алады. Спорттың сан алуан
түрлерінде шыныққандық жайында пайымдаудың негізі жеткілікті
танымал ақпараттық морфологиялық және психофизиологиялық
критерийлер болып табылады.

    Жоғары дәрежеде және төмен дәрежеде жаттыққан спортшылар
арасында сол бір спорттық шеберлік деңгейіне жету мерзімі бойын-
ша айтарлықтай айырмашылықтар болуы мүмкін. Мәселен, К.Б Ка-
зак (1998) мәліметтеріне сүйенсек, спорт шебері нормативін төмен
дәрежеде жаттыққан спортшыларға (4 жыл 8 айда) қарағанда жоғары
дәрежеде жаттыққан ауыр атлетші-кір тасын көтерушілер (3 жыл 7
айда) 1,5 жылдай бұрын, төмен дәрежеде жаттыққандармен (7 жыл
8 айда) салыстырғанда дзюдошы-әйел адамдар (5 жыл 6 айда) 2
жылдан аса жылдамырақ, ал олардан (9 жыл 1 айда) дзюдошы-ер
адамдардың (6 жыл 5 айда) 2,5 жылдан да көп ерте орындайтындығын
көреміз.

    Жоғары дәрежеде жаттыққандық жоғары білікті спортшы-
ны дайындау уақытын қысқартумен қатар, тек биологиялық
міндеттердің (оның денсаулығын сақтау) ғана емес, сонымен қатар
әлеуметтік міндеттердің (жарыстарда жеңіске жету) де орындалу-
ын қамтамасыз етеді. Осылармен қатар, бапкер еңбегіне, ғимаратты
жалға алуға, т.б. кететін шығындарды қысқарта отырып, жаттығу
үдерісінің жоғары экономикалық әсеріне қол жеткізуге мүмкіндік
береді. Уақыт факторының спортшының жеке өмірінде де маңызы
зор екені белгілі.

    Спорттық шынығудың барабар емес түрін таңдау көптеген артық,
нәтижесіз және тіптен мақсатқа сай емес организмнің жүйе ішілік
пен жүйе аралық өзара байланыстары тән тиімсіз физиологиялық
жүйелердің бейімделуінің қалыптасуымен, компенсациялық
механизмдердің тиімсіз түрлерінің жұмылдырылуымен, қалпына
келу үдерістерінің қиындауымен, шыныққандық дәрежесінің
баяу дамуымен, жарыстарда жеңістердің азаюымен, спорттық
шеберліктің жоғары деңгейінен төменірек деңгейге түсуімен,
болашақта көңіл көншітпейтін болжаулармен қатар жүре оты-
рып, ең ақыры организмнің физиологиялық, генетикалық қосалқы

           440

⇐ МАЗМҰНЫ
   435   436   437   438   439   440   441   442   443   444   445