Page 444 - indexf
P. 444

ХІV тарау
Сауықтыру дене жаттығуларының

        физиологиялық негіздері

    Адам қоршаған ортадан тыс өмір сүре алмайды. Адам организмі
ашық жүйе болып табылады, яғни сыртқы ортамен тығыз бай-
ланысты – ауадан тыныс алу үшін оттегі, тіршілікті энергиямен
қамтамасыз ету үшін тамақты, өзінің дамуы үшін әлеуметтік орта-
дан әртүрлі ақпараттарды үнемі алып отырады. Организмнің сыртқы
қоршаған тіршілік жағдайлары мен ішкі дүниесі үнемі бір қалыпта
болмайтындықтан, яғни көптеген ықпалдардың қолайсыз әсер
етуіне орай адам өз денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтау
үшін арнайы шаралар қолдану керек.

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) анықтамасы
бойынша «Денсаулық – организмде аурудың не болмаса дене
кемістігінің жоқтығы ғана емес, ол табиғи (физикалық), рухани
және әлеуметтік толық аман-есендік». Сондықтан денсаулық сақтау
ісі – физикалық, психикалық, рухани және әлеуметтік жағдайларға
жіктеледі. Физикалық саулық – адам организміне тән функциялардың
өздігінен реттелуі, функциялық үдерістің келісімді өтуі, сыртқы
орта әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғары дәрежеде болуы.
Психикалық саулық – ауруды болдырмау, қайтсе де одан арылуға
ұмтылуды, адам өмірінің мақсатына айналдыру. Әлеуметтік саулық
– адам белсенділігінің, яғни жеке адамның айналадағы өмірмен біте
қайнасу дәрежесі.

Қазіргі өмір жағдайларындағы дене шынықтырудың рөлі

    ДДСҰ-ның есебі бойынша адам денсаулығының 20-25%-
ы экологиялық факторларға, 20% биологиялық факторларға
(тұқымқуалауға), 10%-ы медициналық факторларға, ал 50-55%-
ы салауатты өмір салтына, яғни адамның өзіне байланысты
екендігі анықталған. Адамның денсаулығы мен жоғары жұмысқа
қабілеттілігінің қажетті деңгейін сақтайтын СӨС факторларының
арасында дене шынықтыру маңызды орын алады.

           444

⇐ МАЗМҰНЫ
   439   440   441   442   443   444   445   446   447   448   449