Page 445 - indexf
P. 445

Адам организміне қазіргі өмір жағдайларының ықпалы
    Адамға ықпал ететін сыртқы орта факторларының жағымды ғана
емес, жағымсыз әсер ететіні де белгілі. Топтастырылған қатерлі фак-
торлар бір-бірімен байланысты, бірақ аурудың шығу тегіне қарай
оларды шартты түрде:
    1) өлі табиғат (абиотикалық);
    2) тірі табиғат (биотикалық);
    3) әлеуметтік орта факторлары деп 3 топқа жіктеуге болады.
Осы айтылған жағдайларға байланысты адамның және әлеуметтік
топтың саулығын болжауға болады.
    Денсаулыққа әсер ететін сыртқы физикалық факторларға ауаның
қысымы, температура, газ, радиация, шу, вибрация, жел, жарық,
қараңғылық және т.б., химиялық факторларға су, ауа, жер, тағам
құрамындағы түрлі заттар; ал биологиялық факторларға инфекция,
вирустар жатады. Ал ішкі жағдайларға гендік қасиеттер, қанның
құрамы мен қысымы, тыныс алу, жүрек ырғағы, зат алмасуы, т.б.
жатады. Бұлардың өзгеруі адам организміне, оның денсаулығына
әсер етеді. Әуел баста организм олардың өзгерістеріне бейімделіп,
икемделіп немесе төзімділігін күшейту арқылы ішкі ортасының
тұрақтылығын сақтайды. Егер өзгеріс тым күшті болса, адамның
денсаулығы нашарлайды, түрлі аурулар пайда болады. Ішкі
тұрақтылықты сақтауды француз ғалымы Клод Бернар гомео-
стаз деп атаған (грек. гомозис – бірдей, стазис – жайы). Гомеоcтаз
организмнің ішкі тұрақтылығын бір қалыпта ұстайтын үдерістердің
жиынтығы. Бұл тұрақтылық ферменттердің қызметінің, зат
алмасуының қарқынды жүруіне мүмкіндік тудырады. Денедегі
қуаттың алмасуын да осы физиологиялық механизм реттейді.
    Қазіргі кезде ғылым мен техниканың орасан өрлеуінің
нәтижесінде «өркениет аурулары», яғни табиғат пен қоғамның
қауырт өзгерістерінің организмге әсерінен туатын аурулар кең
өріс алуда. Бұл өзгерістерге адам организмі жылдам және толық
бейімделіп үлгермеу салдарынан аурулар туады.
    Итальяндық физиолог А. Моссо «дене жаттығулары көптеген
дәрі-дәрмектің орнын алмастыра алады, бірақ бірде-бір дәрілік зат
дене жаттығуларының орнын толтыра алмайды», – деп атап өткен-
дей қазіргі адам өміріндегі дене шынықтырудың рөлі зор. Жануар-
лар әлемі, соның ішінде адам эволюциясы үдерісінде көптеген орга-
низм мүшелері мен жүйелері әр текті қозғалыстармен тығыз өзара

           445

⇐ МАЗМҰНЫ
   440   441   442   443   444   445   446   447   448   449   450