Page 446 - indexf
P. 446

байланысты қалыптасқан. Бұлшық еттердің жұмысынсыз адамның
кеңістікте қозғалуы, сыртқы тыныс алуды жүзеге асыруы, жүректің
қан айдауы, ас қорыту жолдарымен тағамның жылжуы, несеп-жы-
ныс жүйесі жұмысы, есту аппаратында дыбыс толқындарының өтуі,
көздің мәтінді оқу және іздеу қызметі, сөздің айтылуы тәріздес, т.б.
көптеген қызметтер мүмкін болмас еді.

    Қазіргі әлемде қозғалыс шектелуінің қарыштауы организмнің
түрлі жүйелері қызметтерінің бұзылуына әкеліп, жұмысқа
қабілеттілікті төмендетіп және денсаулық күйін нашарлата отырып,
адамның биологиялық табиғатына қайшы келеді. Неғұрлым ғылыми-
техникалық прогресс адамзатты ауыр еңбек пен артық қозғалыстан
босатқан сайын, соғұрлым қозғалыс белсенділігін өтеу қажеттілігі
арта түседі.

    Бұл жағдайларда жаппай дене шынықтыруды дамытудың рөлі
зор.

    Ертедегі гректер: «Егер сұлу болғың келсе – жүгір, егер сау
болғың келсе – жүгір, егер күшті болғың келсе – жүгір», – деген
екен. Дене қимылы организмнің тіршілігін қозғалтып, жанданды-
рып отырады. Тыныс алу жақсарады, қан айналысы жеделдейді,
бұлшық еттің қозғалысынан лимфа ағысы жылдамдап, денеде жи-
налып қалған улы зиянды заттар сыртқа шығарылады. Академик
В. В. Париннің айтқанындай, дене қимылы зат алмасуын тездетеді,
тірек-қимыл жүйесінің, жүрек-қан тамырлар жүйесінің қызметін
арттырады, ал бұл дененің қуат көзін ашады, жүйке жүйкесінің
қызметін қалыптастырады.

    Дене шынықтыруға әйел адамдардың тартылуы өте маңызды,
себебі олардың денсаулығына ұрпақ сапасы байланысты. Балалар
мен жасөспірімдер организмі дамуы қозғалыстың жоғары деңгейін
аса қажетсінеді. Ал егде жас тұлғалары үшін сергектік пен көп
жасаудың бірден-бір факторы болып табылады.

    Аз қозғалып қызмет ететін, әсіресе, жасы ұлғайған адамдардың
қанында эритроциттер төмен болады, ал май ұлпасының мөлшері
жоғарылайды. Бұлшық еттердің массасы азаяды, ал сүйектері
опырылғыш келеді.

    Қара жұмыстағы адамдардың, спортпен шұғылданатын
кісілердің эритроциттерінің мөлшері қажетті деңгейде болады,
оттегінің жетіспеуінде төзімді болып, тыныс алу және бұлшық ет
жүйелері бір қалыпта қызметін атқарады.

           446

⇐ МАЗМҰНЫ
   441   442   443   444   445   446   447   448   449   450   451