Page 447 - indexf
P. 447

Дене шынықтыру жаттығуларының әсерінен бұлшық еттердің
қан айналысы күшейеді де, жасушалардың оттегімен, амин.
қышқылдарымен, т.б. қоректік заттармен қамтамасыздануы
жақсарады. Жаттығу кезінде бұлшық еттің 1 мм көлемінде 2500 қан
капиллярлары ашылып, қанның қозғалысын жеделдетеді. И.М. Се-
ченов осындай әсердің ми жасушаларында да болатынын болжаған,
ол болжамды ғалымдар кейіннен іс жүзінде дәлелдеді.

    Дене шынықтыру жаттығулары ішкі мүшелерге де, ішектегі
лимфаның түзілуіне де әсер етіп, лимфаның қозғалысын жыл-
дамдатады. Соның нәтижесінде ішек-бауыр лимфасы арқылы
зат алмасуының соңғы қажетсіз қалдықтары организмнен сыртқа
мезгілінде шығып отырады.

    Қазіргі уақытта мезгілі жетіп дүниеге келген нәрестенің дене
салмағы мен бойы қалыпқа сай болса да, функциялық жағынан
толық жетілмеулері байқалады. Бұл оның қозғалыс белсенділігінің
төмендеуімен, бұлшық еттік гипотониямен, тез қажумен, суық
тию мен инфекциялық ауруларға төзімділіктің, яғни иммунитеттің
төмендеуімен, эмоциялық реакцияларға әлсіз және тұрақсыз,
жүйке жүйесінің әлсіз типімен көрініс береді. Физиологиялық
жетілмеудің нәтижесі дене сапалары мен дағдыларының жеткіліксіз
дамуы, семіздік, жақыннан көргіштік, омыртқа жотасының
қисаюы, жалпақ табандылық, балалар травматизмі болып табыла-
ды. Бұл құбылыс адам өмірінің келесі сатыларына да ықпал етпей
қоймайды. Физиологиялық жетілмеумен күрес фармакологиялық,
психологиялық немесе педагогикалық шаралармен шектелмейді.
Аталмыш құбылысқа қарсы тұрудың бірден-бір негізгі қажетті ама-
лы қозғалыс белсенділігін арттыру. Бұл көп жасауға және салауатты
өмір салтына ашылған жол.

    Жаппай дене шынықтыруды дамыту денсаулықты сақтау мен
жұмысқа қабілеттілікті жоғарылатуды ғана қамтамасыз етіп қоймай
халықты, әсіресе жасөспірімдерді зиянды әдеттерден – шылым шегу,
маскүнемдік мен нашақорлықтан аулақ болуға әкеледі.

    Осыған орай, халықты дене шынықтырумен шұғылдануға тар-
ту қажет. Айтулы спортшылардың спорттық жетістіктері қалың
қауымға рух беріп, спортпен жүйелі түрде айналысуға әкеледі.
Қазіргі олимпизмнің негізін салушы Пьер де Кубертен 100 адам дене
шынықтырумен айналысу үшін 50 адамның спортпен шұғылдануы,
50 адамның спортпен шұғылдануы үшін 20 адам жоғары білікті

           447

⇐ МАЗМҰНЫ
   442   443   444   445   446   447   448   449   450   451   452