Page 448 - indexf
P. 448

спортшы болуы, ал бұл адамдар үшін 5 адамның керемет жетістіктер
көрсетуі қажет екендігін дұрыс атап өткен.

    Біздің елімізде де Қажымұқан Мұңайтпасұлы, Александр Вино-
куров, Илья Ильин, Бекзат Саттарханов сынды спортшыларымыздың
жетістіктері барша жастардың спортпен шұғылдануына түрткі бо-
лары сөзсіз. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың қазақстандықтарды
бұқаралық спорт түрлеріне тарту барысында атқарып жатқан
жұмыстарының да жемісін беріп жатқанына олимпиада жетістіктері
дәлел болып табылады.

Гипокинезия, гиподинамия және олардың адам организміне
                                   ықпалы

    Қазіргі заман жағдайында дене жүктемелерінің азаюы адам
организмі түрлі қызметтерінің нашарлауына әкеледі.

    Гипокинезия және гиподинамия
    Адам организмі қалыпты қызмет етуі үшін қаңқа бұлшық
еттерінің жеткілікті белсенділігі қажет. Бұлшық ет аппаратының
жұмысы мидың дамуына және ми орталықтары аралық пен сенсор
аралық өзара байланыстардың түзілуіне әкеледі. Қозғалыс әрекеті
энергия өнімі мен жылу түзілуді жоғарылатады, организмнің ты-
ныс алу, жүрек-тамыр және т.б. жүйелерінің қызметін жақсартады.
Қозғалыстың жеткіліксіз болуы барлық жүйелердің қалыпты
қызметінің бұзылуына әкеледі және нәтижесінде гипокинезия мен
гиподинамия күйі туындайды.
    Гиподинамия (грек. гипо – төмен, динамос – күш) күштің аза-
юы, дененің іс-қимылының төмендеуі. Жүріп-тұру, қозғалыс-қимыл
азайған сайын бұлшық еттер босаңсиды, жүрек еті, басқа ішкі
мүшелердің жалпақ еттері әлсірейді. Гиподинамияны «гипокине-
зия» (гипо – төмен, кинезис – қимыл, қозғалу) деп те атайды. Бірақ
бұл толық мәнді синоним емес. Гипокинезияны, яғни дененің неме-
се оның кейбір мүшелерінің қимылдамай қалуы не әлсіз қимылын
тудыратын себептердің бірі – ортаңғы ми мен жұлындағы қимыл
рефлекстерінің орталығының істен шығуы.
    Гиподинамия ұзақ отырып, қызмет ететін адамдарда жиі
байқалады немесе гипстелген аяқ-қол біраз уақыт қозғалмауына
байланысты, ғарышта ұзақ болғанда пайда болады. Мысалы,

           448

⇐ МАЗМҰНЫ
   443   444   445   446   447   448   449   450   451   452   453