Page 449 - indexf
P. 449

ғарышкерлер жерге қайтып келіп қонғанда аяғын баса алмай қалады.
Оларды сүйемелдеп жүргізіп жаттықтырғаннан кейін жүруі қалпына
келеді. Аз уақытқа созылған гиподинамия дене жаттығуынан кейін
басылып, жойылады, дене қимылы, аяқ-қол қозғалыстары қалпына
келеді. Күнделікті жасайтын таңертеңгілік денешынықтыру
жаттығулары, спорт, қара жұмыс, серуендеп жүру, үй шаруасы және
мал шаруасымен айналысу – гиподинамияның алдын алу шарасы.
Өз еркімен белсенді жұмыс істеп жүрген адамда гиподинамия бол-
майды. Атақты генетик Н. П. Дубинин «Мәңгілік қозғалыс» (Вечное
движение) атты кітабында: «өмір – үздіксіз мәңгілік қозғалыс», – де-
ген.

    Жануарларға жүргізілген көптеген тәжірибелер оларға
қозғалыстың аздығы аса ауыр тиетінін көрсеткен. Мысалы,
егеуқұйрықтарды 1 ай бойына акинезия жағдайында ұстағанда
жануарлардың 60%,-ы ал гипокинезия жағдайында – 80%-ы тірі
қалған. Тар торларда қамалып өсірілген балапандарды кейін еркін
қоя бергенде аулада кішкене жүгіріп өткеннен-ақ өліп қалған.

    Қозғалыс белсенділігінің төмендеуі адамда да ауыр өтеді.
Сүңгуір-теңізшілерді зерттеу нәтижелері теңізде 1,5 ай болған соң
оларда кеуде мен қол-аяқ бұлшық еттері күшінің бастапқыдан 20-
40%-ға, ал 4 айдан кейін 40-50%-ға кемитінін көрсеткен. Бұдан басқа
да бұзылулардың орын алғаны байқалған.

    Қозғалыс белсенділігі жеткіліксіздігінің адам организміне
ықпалы

    Орталық жүйке жүйесінде гипокинезия мен гиподинамия жүйке
орталықтары аралық өзара байланыстардың жоғалуын тудырады,
бірінші кезекте нейрон аралық синапстарда қозудың өтуі бұзылуынан
асинапсия туындайды. Мұнда психикалық және эмоциялық сфе-
ра өзгеріске ұшырайды, сезім мүшелерінің қызметі нашарлайды.
Қозғалыстарды басқарудың ми жүйелерінің зақымдалуы қозғалыс
әрекеті координациясының нашарлауына әкеледі, моторлық коман-
да берілуінде қателіктер туындайды, бұлшық еттің ағымдағы күйін
бағалап және әрекет ету программасына коррекция енгізе алмайды.

    Бұлшық ет көлемінің, салмағының және олардың жиырылу
қабілетінің төмендеуімен, яғни бұлшық ет талшықтарының атрофия-
сымен көрініс беретін қозғалыс аппаратында біраз дегенерациялық
құбылыстар байқалады. Бұлшық еттердің қанмен жабдықталуы,
энергия алмасуы нашарлайды.

           449

⇐ МАЗМҰНЫ
   444   445   446   447   448   449   450   451   452   453   454