Page 450 - indexf
P. 450

76-сурет. АТФ-аза ферменті белсенділігі өзгерісі (Images courtesy of John
                             Faulknerand Timothy White)

    76-суретте ұзақ уақыт қозғалыс жеткіліксіздігінен АТФ-аза
ферменті белсенділігі мен бұлшық ет талшықтарының өзгерістері
көрсетілген.

    Жұмыс кезінде, әсіресе, статикалық төзімділік жаттығуларында
бұлшық ет күші, дәлдігі, шапшаңдығы мен төзімділіктің төмендеуі
орын алады. Локомоциялар кезінде массаның жалпы орталығының
тербелісі күшейіп, жүгіру мен жүру барысында қозғалыс тиімділігін
шұғыл төмендетеді.

    Қозғалыс белсенділігі жеткіліксіз болғанда тыныс алу ӨТС,
тыныс тереңдігінің, тыныс алудың минуттық көлемінің және мак-
сималды өкпелік вентиляцияның азаюымен сипатталады. Жұмыс
кезінде оттектік сұраныс пен оттектік қарыздылық шұғыл артады.
Негізгі алмасу төмендейді.

    Жүрек-тамыр жүйесінің де қызметі бұзылады. Жүрек бұлшық
етінің атрофиясы туындайды, миокард қоректенуі нашарлайды.
Нәтижесінде жүректің ишемиялық ауруы пайда болады. Жүрек
көлемінің азаюы жүректің қанды аз айдауына (систолалық және
минуттық қан көлемінің төмендеуіне) әкеледі. Мұнда жүректің жиы-
рылу жиілігі дене жүктемесі кезіндегі іспеттес тыныштық күйде де
жоғарылайды.

    Әлсізденген қаңқа бұлшық еттері (үлкен қан айналым
шеңберімен) қанның венамен қайтарылуына тиісті шамада ықпал

           450

⇐ МАЗМҰНЫ
   445   446   447   448   449   450   451   452   453   454   455