Page 451 - indexf
P. 451

ете алмайды. Олардың жиырылу қабілетінің жеткіліксіз болуы не-
месе мүлдем жиырыла алмауы ауырлық күшіне қарсы тұра аяқтан
жүрекке қарай кан ағымын жеңілдететін «бұлшық ет насосы»
қызметінің жойылуына әкеледі. Осы «перифериялық (шеткі) жүрек»
жақтан көмектің болмауы жүректің қан айдау жұмысын одан әрі
қиындата түседі. Қан айналым уақыты айтарлықтай арта түседі. Қан
айналымдағы қан көлемі азаяды.

    Төмен дене жүктемелері мен тыныс алу тереңдігінің біраз
ұлғаюы орын алған жұмыс кезінде қан ағымына «тыныс алу насо-
сы» да септігін тигізе алмайды. Өйткені кеуде қуысында төменгі
қысымның сору әсері мен диафрагма жұмысы жойылған. Қозғалыс
белсенділігінің төмендеуінің барлық аталмыш салдары қазіргі
әлемде жүрек-тамыр ауруларының аса көбеюіне әкеліп соғып отыр.

    Эндокриндік жүйеде ішкі секрециялық бездер қызметінің
төмендеуі байқалады және олардың гормондар өндіруі азаяды.

    Акинезия жағдайларында организмнің барынша ауыр
зақымдалуы жүреді және жүрек соғу жиілігі, дене температурасы
және т.б. қызметтер тәуліктік биоырғағының деңгейлестіруі орын
алады.

   Жүйке-психикалық шектен тыс ширығу, әрекеттің
бірсарындылығы (монотондылығы) және олардың адам

                        организміне ықпалы

    Адам организміне спортпен шұғылдану психикалық шектен тыс
ширығу тудыратын үздіксіз өзгермелі жағдайлар аясында уақыт
тапшылығы жағдайындағы жұмыстан бастап жүйке жүйесі тонусын
елеулі төмендететін ұзақ бірсарынды жұмысқа дейін сан алуан та-
лаптар қояды.

    Жүйке-психикалық шектен тыс ширығу
    Спорттық күрес жағдайы, әсіресе, ситуациялық спорт түрлерінде
(спорттық ойындарда, жекпе-жекте) адамда жүйке-психикалық шек-
тен тыс ширығуын тудырады. Қысқа уақытта, көбіне, секундтың
оннан және жүзден бір бөлігінде спортшы қорытып үлгеруге тиісті
ақпараттың көп көлемі, оның жарысқа шығуының жоғары мотиваци-
ясы змоциялық стрестің туындауына, ал ерекше күрделі жағдайларда
– дистреске әкеледі.

           451

⇐ МАЗМҰНЫ
   446   447   448   449   450   451   452   453   454   455   456