Page 452 - indexf
P. 452

Стресс – ортаның күші мен қасиеті әртүрлі факторларына жауап
ретінде туатын организмнің арнайы емес реакциясының жиынтығы.

    Организмде күйзеліс кезінде жаңа жағдайларға икемделудің жал-
пылама реакциялары байқалады. Мұндай стереотипті жауаптардың
жиынтығын Г.Селье бейімделудің жалпы синдромы деп атаған бола-
тын. Ол: абыржу, төзімділік (резистенттілік) және түгесілу (әлсіреу)
сияқты 3 сатыдан өтеді.

    1.	 абыржу сатысы естен тану «шок» (шұғыл вегетативті ре-
акциялар) және оған қарсы (қызметтік қорлардың мобилденуі)
кезеңдерінен тұрады;

    2.	 резистенттілік (төзімділік пен жоғары жұмысқа қабілеттілік)
кезеңі;

    3.	 түгесілу жалпы функциялық күйдің төмендеуі, патологиялық
реакциялардың дамуы және ең ақырында организмнің тіршілігінің
тоқтауына әкелетін кезең.

    Аталмыш кезеңдер көп жағынан адаптация үдерісі
(физиологиялық абыржу, бейімделушілік және дизадаптация)
кезеңдерімен ұқсас келеді. Айырмашылығы адаптация үдерісі тек
бейарнайы ғана емес, арнайы бейімделу реакцияларынан да тұрады
(Бейімделу туралы толығымен 2-тарауда баяндалған).

    Жүйке-психикалық шектен тыс ширығу адам мен әлеуметтік та-
лаптар сай келмегендігінен болады. Бұл көбінесе өндіріс жағдайын-
да, қызмет бабында жиі кездеседі. Шектен тыс белсенділік,
тығырыққа ұшырауы, т.с.с. психикалық факторлар жүйке жүйесінің,
жүрек-қан тамырларының және басқа тіршілікке маңызды
мүшелердің қызметін төмендетеді. Соның нәтижесінде организмнің
ауруға төзімділігі, яғни иммундық қасиеті төмендеп, биологиялық
қоры азаяды.

    Стресс факторларына сыртқы, ішкі кездейсоқ шамадан тыс әсер-
лер жатады. Тосыннан кездейсоқ әсер болғанда организм тығырыққа
ұшырайды, адамның қанында адреналин, кортизол гормондары
көбейіп, қаны тасып, жүрегі қобалжып, еріксіз іс-қимылдары туады.
Кортизол гормонын халық арасында «өлім» гормоны деп те атайды.
Организмнің төзімділігі артып, тығырықтан шығу амалы жасала-
ды. Стресс көпке созылғанда адамның денсаулығына зиян келтіреді:
қанның қысымы артады, жүрек соғу ырғағы жеделденеді, ішек-
қарынның қозғалысы күшейеді, зат алмасуы баяулайды, иммундық
жүйенің бейімделгіш төзімділігі төмендейді.

    Спортта стрестік жағдайлар әртүрлі көрініс беруі мүмкін.

                                      452

⇐ МАЗМҰНЫ
   447   448   449   450   451   452   453   454   455   456   457