Page 453 - indexf
P. 453

Физикалық стресс спортшының жоғары қарқындылықты қимыл
әрекеті кезінде туындайды, алайда, эмоциялық күйзелістерге еш
қатысы жоқ.

    Эмоциялық стресс жарыс кезінде жүйке-психикалық шектен тыс
ширығумен көрініс береді және организмнің қызметтік қорларының
мобилденуі мен айтарлықтай психикалық, вегетативтік және
гормондық реакциялар тудырады.

    Организмдегі барлық құбылыс орталық жүйке жүйесі мидың
қозуынан басталатыны белгілі. Кез келген жағымсыз құбылыс ал-
дымен, мидың елегінен өтеді. Келесі кезекте оған эндокриндік жүйе
қосылып, бүйрек үсті бездері гормондар бөле бастайды.

    Дене жаттығулары кезіндегі адреналин, норадреналин, глю-
кагон, кортизол және глюкоза концентрацияларының өзгерістерін
жаттығуға дейінгі мәнмен салыстыру барысында адреналин мен
норадреналиннің жоғарылап, ал кортизол деңгейінің сәл төмендеп
барып, 30 минутқа дейін дереу көтеріліп, одан соң қайтадан біртіндеп
азаюын байқауға болады (77-сурет).

    Осымен бір мезетте вегетативті жүйке жүйесі жұмысын бас-
тайды, тыныс жиілігі артады, артериялық қан қысымы көтеріледі,
жүрек соғысы жиілейді, аритмия жоғалады десе де болады, зат
және энергия алмасу күшейеді, ЭМГ амплитудасы артады, қаңқа
бұлшық еттерінің жиырылу күші жоғарылайды, ЭЭГ-да тыныштық
ырғағы (альфа-ырғақ) азаюы және тета-ырғақ көрінуі, бета-
ырғақтың белсенуі байқалады, зейін концентрацияланады. Сонымен
стресті жағдайға бейімделуге, қарсы тұруға көмектесетін көптеген
өзгерістер жүзеге аса бастайды. Бұл аталмыш реакциялар жоғары
жұмысқа қабілеттілікті қамтамасыз етеді.

    Организмді жұмылдыратын және тілекті тиімділікпен біріктіре-
тін тиімді стресс – эустреспен қатар дистресс те кездеседі. Дис-
тресс – іс-әрекеттің орындалуына кедергі келдіретін, организмнің
жұмылу деңгейін төмендететін стресс. Эустресс барысында таным
үдерістерінің және өзіндік сананың белсенділігі, шындықты, есті са-
налау жүзеге асады. Дистресс негізінде адам түрлі физиологиялық
ауруларға шалдығуы ықтимал, мидың кейбір бөлімдерінің қанмен
жабдықталуы нашарлайды, жүректің жиырылу жиілігі сирейді,
артериялық қан қысымы төмендейді, қимыл реакцияларының
уақыты ұзарады және қозғалыс белсенділігі төмендейді. Спортшы
бірнеше мәрте стресс алса, спорттық зақым алу (травматизм) жиілігі
артады.

                                      453

⇐ МАЗМҰНЫ
   448   449   450   451   452   453   454   455   456   457   458