Page 492 - indexf
P. 492

Спорттық ойындардың физиологиялық сипаттамасы

    Кейбір спорттық ойындар туралы 14-тарауда сауықтыру дене
жаттығуларының негізгі түрлері мен олардың организмге әсерін
қарастырғанда атап өтілген болатын.

    Спорттық ойындар – қозғалмалы ойындарға жататын спорттың
бір түрі. Ол құрылымы мен организмге әсері бойынша сан алуан.
Дене жаттығулары ретінде олардың бірқатар ерекшеліктері бар.
Ойын үдерісінде ойын жағдайларының үздіксіз өзгеріп отыруынан
қатысушылардың қарсыластары мен серіктерінің әсеріне қажетті,
көбіне, жаңа қозғалыстарды тудыра отырып, шұғыл жауап беруін
талап етеді. Сондықтан да спорттық ойындар кезінде басқа дене
жаттығуларына қарағанда күтпеген жағдайларда жылдам бағдарлау,
тапқырлық, тез шешім қабылдау сияқты құнды сапалар көбірек
дами түседі. Мәселен, гимнастикада қозғалыстардың реті, бірізділігі
алдын ала анықталса, ал жүгіру, жүзу және т.б. спорт түрлерінде
олардың негізінен қайталанып отыратыны белгілі. Қозғалыстар
мен амалдардың сан алуандығы бұлшық ет күшінің, қимыл
реакциясының (шапшаңдықтың), қозғалыс координациясының
(ептіліктің) дамуына әкеледі. Барлық спорттық ойындар қандай да бір
деңгейде көзбен шамалауды дамытады, тепе-теңдік талдағышының
функциялық тұрақтылығын, қимыл талдағышының сезімталдығын
жоғарылатады. Спорттық ойындар кезіндегі бұлшық ет қызметі
жүйке жүйесінің организм қызметін реттеу қабілетінің жақсаруына,
тыныс алу, қан айналу мүшелерінің қызметтік мүмкіндіктерінің ар-
туына, зат алмасудың жақсаруына, организмнің жалпы төзімділігінің
жоғарылауына әкеледі.

    Спорттық ойындардың организмге әсер ету дәрежесі ең алды-
мен ойын үдерісіндегі орындалған бұлшық ет жұмысының көлемі
мен сипатына байланысты. Кез келген ойын амалдары, темпі,
физиологиялық жүктемелері тәжірибелі ойыншылар мен жас ойын-
шыларда әртүрлі болады. Алайда, осыған қарамастан әрбір ойынға
организмге өзіндік әсер ету ерекшеліктері тән. Бұл жасы, жынысы
мен денсаулық күйі әртүрлі адамдар арасында жекеленген спорттық
ойындарды қолданудың мүмкіндігі мен мақсатқа сәйкестігін
айқындайды. Осыған орай барлық барынша танымал спорттық ой-
ындарды 3 топқа жіктейді.

    Бірінші топқа – бадминтон, волейбол және стол теннисі. Бұл

           492

⇐ МАЗМҰНЫ
   487   488   489   490   491   492   493   494   495   496   497