Page 71 - indexf
P. 71

болып келетін аралық кезеңдермен кезектесетін кезеңдерден тұрады.
Ациклдік жаттығуларды жіктеу кезінде негізгі жұмыс кезеңдері
қуаттылығы («шың» қуаттылығы) немесе жұмыс кезеңдері мен са-
лыстырмалы немесе толық демалыс аралық кезеңдерін қоса оты-
рып жаттығудың барлық уақытындағы «орташа» қуаттылығы бо-
йынша бағалау жүргізілетіндігі түсініксіз болып қалуда. Мұндай
көрсеткіштерді әрқайсын қолдану кезінде ациклдік жаттығулардың
физиологиялық сипаттамасы түрліше болады.

    Орындалатын жаттығудың механикалық немесе физикалық
қуаттылығы – ватт, кгм/мин. сияқты физикалық шамалармен
өлшенеді. Ол дене жүктемесін анықтайды. Көп жағдайларда
спорттық жаттығулардың физикалық қуаттылығын нақты өлшеу
өте қиын. Циклдік жаттығуларда қуат (дене жүктемесі) және орын
ауыстыру жылдамдығы (қозғалысты орындаудың өзгеріссіз техни-
касы кезінде) сызықтық тәуелділікте байланысты, яғни жылдамдық
артқан сайын соғұрлым дене жүктемесі жоғары болады.

    Организмнің сол дене жүктемесіне физиологиялық (және
психофизиологиялық) реакцияларының жиынтығы жүктеменің
физиологиялық қуаттылығын немесе жұмыс атқарушы адам
организміне физиологиялық жүктемені дәл анықтауға мүмкіндік
береді. «Физиологиялық жүктеме» немесе «физиологиялық қуат»
түсініктері «жұмыс ауырлығы» терминіне таяу. Әр адамда сыртқы
ортаның бірдей жағдайларында сол бір сипаттағы жаттығуды орын-
дау кезінде жүктеменің физиологиялық қуаттылығы дене жүктеме-
сіне тура тәуелділікте болады. Мысалы, жүгіріс жылдамдығы
жоғары болған сайын соғұрлым физиологиялық жүктеме де үлкен
болады.

    Дегенмен, бірдей дене жүктемесі жасы және жынысы әртүрлі
адамдарда, функциялық дайындық дәрежесі (жаттықтыру дәрежесі)
бірдей емес адамдарда, сонымен бірге сол бір адамның түрлі орта
жағдайларында (мысалы, жоғары немесе төмен ауа температурасы
мен қысымы кездерінде) әртүрлі физиологиялық реакцияларын ту-
дырады. Осылармен қатар сол бір адамның түрліше физиологиялық
реакциялары түрлі бұлшық ет топтарымен (аяқпен немесе қолмен)
немесе дененің әртүрлі қалыптарында (жатқанда немесе тұрғанда)
орындалған қуаттылығы бойынша бірдей дене жүктемесінің әсер
етуі кезінде де байқалады. Физиологиялық қуаттылығы бірдей
жұмыстарды атқаратын (оттегі пайдалану жылдамдығы бірдей)
каноэ ескекшілері, жүзгіш пен желаяқтардың өздерінде дене

жүктемелері (реакциялары) көп ерекшеленеді.

           71

⇐ МАЗМҰНЫ
   66   67   68   69   70   71   72   73   74   75   76