Page 78 - indexf
P. 78

Бұл жаттығулардың спорттық нәтижесін анықтайтын жетекші
физиологиялық жүйелер мен механизмдерге бұлшық ет қызметінің
орталық-жүйкелік реттелуі, жүйке бұлшық еттік аппараттың
функциялық қасиеті (жылдамдықты-күштік) және жұмысшы
бұлшық еттің фосфагендік энергиялық жүйелер сыйымдылығы мен
қуаттылығы жатады.

26-сурет. Қандағы глюкозаның қысқа қашықтыққа (спринттік) велосипед
     тебу кезінде және оның 60 сек-тан соң өзгерістері (A. Giovanelli
                                 мәліметтері бойынша)

    Максималдыға жуық анаэробтық қуаттылықты жатты-
ғуларға (аралас анаэробтық қуаттылықты) – жұмыс атқарушы
бұлшық еттердің анаэробтық энергиялық қамтамасыз етілуі
артық болатын жаттығулар жатады. Жалпы энергия өнімділіктің
анаэробтық компоненті 75-85%-ға тең келеді. Ол фосфагендік және
барынша лактацидтік (гликолиздік) энергиялық жүйелер есебінен
құралады. Жүгіруде рекордтық максималдыға жуық анаэробтық
қуаттылық шамамен, 50-100 ккал/мин. Мұндай жаттығулардың
шекті ұзақтығы айтулы спортшыларда 20-50 секундқа дейінгі
аралықта болады (4-кестені қараңыз). Жарыс жаттығуларына 200-
400 м арақашықтыққа жүгіру, 100 м-ге дейін арақашықтықта жүзу,
500 м-ге конькимен жүгіру жатады (5-кестені қараңыз).

    Бұл жаттығулардың энергиялық қамтамасыз етілуі үшін

оттегі тасымалдау жүйесі қызметінің айтарлықтай күшеюі белгілі

           78

⇐ МАЗМҰНЫ
   73   74   75   76   77   78   79   80   81   82   83