Page 73 - indexf
P. 73

қолданады. Мұндай көрсеткіштерге жетекші физиологиялық
жүйелерде белгілі бір сыртқы орта жағдайларында орындалатын
аталмыш дене жүктемесіне жауап кезінде туындайтын салыстыр-
малы физиологиялық ығысулар жатады. Бұл ығысулар жетекші
физиологиялық жүйелер әрекетінің ағымды жұмыс көрсеткіштерін
шекті (максималды) көрсеткіштермен салыстыру жолымен
айқындалады.

           Циклдік жаттығулардың жіктелуі

    Циклдік қозғалыстар тұтас қозғалыстың жеке фазаларының не-
месе циклдердің өздерінің бірізділікпен кезектесуімен және өзара
байланысымен сипатталады. Әр циклдің алдыңғы және кейінгі цикл-
мен өзара байланысы осы циклдік жаттығулардың негізгі ерекшелігі
болып саналады. Циклдік қозғалыстардың физиологиялық негізі
ырғақтық қимыл рефлексі болып табылады.

    Организмнің (жұмыс атқарушы бұлшық еттердің) энергиялық
сұранысы екі негізгі анаэробтық және аэробтық жолдар арқылы
қанағаттандырылатыны баршамызға белгілі. Энергия өнімділіктің
бұл екі жолының қатынасы түрлі циклдік жаттығуларда бірдей емес
(23-сурет).

    Кез келген жаттығуды орындау кезінде барлық үш энергиялық
жүйелер іске қосылады:

    1.	Анаэробтық фосфагендік (алактаттық) жүйе – фосфагендік
жүйелер – АТФ пен КрФ энергиялары есебінен жүзеге асырылады;

    2.	Лактацидтік (гликолиздік) – гликолиз энергиясы –
көмірсулардың сүт қышқылының түзілуіне әкелетін ыдырауы
есебінен іске асады;

    3.	Аэробтық (оттектік, тотығу) – көмірсулар мен майлардың
тотығуы энергиясы есебінен жүзеге асады.

    Аэробтық және анаэробтық энергия көздерінің қатынасы жұмыс
ұзақтығына байланысты болып келеді (3-кесте).

    Бұл 3 жүйенің «аймақтары» бір-бірімен біраз астасып жатады
(24-сурет).

    Сондықтан энергиялық жүйелердің әсіресе, салыстырма-
лы аз шекті ұзақтықты жұмыстар кезінде әрқайсысының «таза»
үлесін бөліп көрсету қиындыққа әкеліп соғады. Осыған байланыс-

           73

⇐ МАЗМҰНЫ
   68   69   70   71   72   73   74   75   76   77   78