Page 82 - indexf
P. 82

1.	Максималды аэробтық қуаттылықты жаттығулар (ОМП 95-
100%);

    2.	Максималдыға жуық аэробтық қуаттылықты жаттығулар
(ОМП 85-90%);

    3.	Субмаксималды аэробтық қуаттылықты жаттығулар (ОМП 70-
80%);

    4.	Орташа аэробтық қуаттылықты жаттығулар (ОМП 55-65%);
    5.	Аз аэробтық қуаттылықты жаттығулар (ОМП 50% және одан
төмен) деп 5 топқа бөледі (62, 63-беттегі сызбанұсқаны қараңыз).
    Аэробтық циклдік жаттығулардың жалпы энергиялық және
эргометрлік сипаттамасы 6-кестеде көрсетілген.
    Аэробтық циклдік жаттығулардың орындалуының табыстылы-
ғын анықтайтын жетекші физиологиялық жүйелер мен механизм-
дерге оттегі тасымалдау жүйесінің қызметтік мүмкіндіктері және
жұмыс атқарушы бұлшық еттердің аэробтық мүмкіндіктері жатады.
    Бұл жаттығулардың қуаттылығының төмендеуі (ұзақтылық
шегінің артуы) барысында энергия өнімділіктің анаэробтық
(гликолиздік) компоненті үлесі кемиді. Сәйкесінше, қандағы лактат
концентрациясы және қандағы глюкоза концентрациясының өсуі
(гипергликемия дәрежесі) төмендейді. Ұзақтығы бірнеше ондаған
минуттық жаттығулар кезінде гипергликемия мүлдем байқалмайды
(25-суретті қараңыз). Бұл жаттығулардың соңына таман қандағы
глюкоза концентрациясының төмендеуі (гипогликемия) көрінеді.
    Аэробтық жаттығулардың қуаттылығы артқан сайын қандағы ка-
техоламиндер концентрациясы және өсу гормондары жоғары бола-
ды (27-сурет).
    Керісінше, жүктеме қуаттылығының төмендеуі кезінде қандағы
глюкагон мен кортизол сияқты гормондардың мөлшері артып, ал ин-
сулин мөлшері азаяды (25-, 28-суреттерді қараңыз).
    Аэробтық жаттығулардың ұзақтығының артуымен жылу реттелу
жүйесіне жоғары талап қоятын дене температурасының жоғарылауы
қатар жүреді.
    Максималды аэробтық қуаттылықты жаттығуларға (жеке
ОМП 95-100% оттегіні арақашықтық пайдаланумен жүретін
жаттығулар) энергия өнімділіктің аэробтық компоненті 60-70%-
ға дейін басым болатын жаттығулар жатады. Алайда, анаэробтық
(әсіресе, гликолиздік) үдерістердің энергиялық үлесі әлі де өте
айтарлықтай болады. Бұл жаттығуларды орындау кезінде негізгі

           82

⇐ МАЗМҰНЫ
   77   78   79   80   81   82   83   84   85   86   87