Page 81 - indexf
P. 81

Бұл жаттығулардың қуаттылығы және шекті ұзақтылығы сон-
дай, оларды орындау үдерісінде оттегі тасымалдау жүйесі (ЖЖЖ,
МҚК, ӨВ, О2 пайдалану жылдамдығы) қызметінің көрсеткіштері
сол спортшының максималды мәндеріне жуық болуы немесе тіпті,
оған жетуі де мүмкін. Жаттығу ұзағырақ болған сайын, мәредегі бұл
көрсеткіштер мәні жоғарырақ және жаттығуды орындау кезіндегі
аэробтық энергия өнімділіктің үлесі де неғұрлым көбірек болады.
Бұл жаттығулардан кейін жұмыс атқарушы бұлшық ет пен қанда
20-25 ммоль/л-ге дейін болатын өте жоғары лактат концентра-
цясы тіркеледі. Сәйкесінше, қанның рН 7,0-ге дейін төмендейді.
Көбіне, қанда глюкозаның 150 мг %-ға дейін концентрациясының
жоғарылауы, қан плазмасындағы катехоламиндер мен өсу гормонда-
ры мөлшерінің көптігі байқалады.

    Жетекші физиологиялық жүйелер мен механизмдерге жұмыс
атқарушы бұлшық еттің лактацидтік (гликолиздік) энергиялық
жүйесінің сыйымдылығы мен қуаттылығы, жүйке-бұлшық ет
аппаратының функциялық қасиеті, сонымен қатар организмнің
оттегі тасымалдау (әсіресе, жүрек-тамыр жүйесінің) мүмкіндіктері
және жұмысшы бұлшық еттердің аэробтық (тотығу) мүмкіндіктері
жатады. Сайып келгенде, бұл топ жаттығулары спортшылардың
анаэробтық сияқты аэробтық мүмкіндіктеріне де аса жоғары талап-
тар қояды.

                            Аэробтық жаттығулар

    Бұл жаттығулардағы жүктеме қуаттылығы жұмысшы бұлшық
еттердің энергиямен қамтамасыз етілуіне байланысты. Ол оттегінің
организмдегі үздіксіз пайдаланылуымен және жұмысшы бұлшық
еттермен шығындалуына байланысты тотығу (аэробтық) үдерістері
есебінен жүруі мүмкін. Сондықтан бұл жаттығулардың қуаттылығын
оттегіні арақашықтық пайдалану (жылдамдығы) деңгейі бойын-
ша бағалауға болады.

    Егер оттегіні арақашықтық пайдалануды сол адамның
аэробтық қуаттылық шегімен (яғни, оның жеке ОМП-мен не-
месе «оттегілік төбемен») арақатынасын белгілесе, онда оның
орындаған жаттығуының салыстырмалы аэробтық физиологиялық
қуаттылығы туралы мәліметтер алуға болады. Осы көрсеткіш бо-
йынша аэробтық циклдік жаттығуларды:

                                       81

⇐ МАЗМҰНЫ
   76   77   78   79   80   81   82   83   84   85   86