Page 77 - indexf
P. 77

Қандағы концентрация өзгерісідейін де жоғарылайды (140-150 екп/мин) және жаттығу кезінде өсуін
жалғастырады. Мәреден кейін дереу максималды мөлшердің 80-
90%-на (160-180 екп/мин) жетеді. Бұл жаттығулардың энергиялық
негізі анаэробтық үдерістер болғандықтан кардиореспираторлық
(оттегі тасымалдау) жүйелер қызметі күшеюінің сол жаттығудың
энергиялық қамтамасыз етілуі үшін аса маңызы жоқ. Жұмыс уақыты
барысында қандағы лактат концентрациясы айтарлықтай өзгермейді.

    Дегенмен, ол жұмысшы бұлшық еттерде жұмыс соңында 10
ммоль/кг жетуі және тіпті, одан да асуы мүмкін. Қандағы лактат
концентрациясы жұмысты тоқтатқан соң, бірнеше минут барысында
арта отырып, максималды 5-8 ммоль/л болады (25-сурет).

    Анаэробтық жаттығуларды орындау алдында қандағы глюко-
за концентрациясы біршама жоғарылайды (26-сурет). Жаттығудың
басталуына дейін және оның орындалу нәтижесінде қанда кате-
холаминдер (адреналин мен норадреналин) және өсу гормондары
концентрациясы аса айтарлықтай жоғарылайды, бірақ инсулин кон-
центрациясы біраз төмендейді, ал глюкагон мен кортизол концен-
трациялары айтарлықтай елеулі өзгермейді (25-суретті қараңыз).

                             + Глюкагон

                                                                                                Кортизол

                                  0 Өсу гормоны

                             =
                                                                                                  Инсулин

                              +

                                                                                   Лактат

                                                                                   Глюкоза
                               100 1500 10000 25000 42,195 м

       25-сурет. Әртүрлі арақашықтықта жүгіру кезінде қан плазмасы
гормондары, қан глюкозасы мен лактат концентрациясы өзгерістері (Я. М.

                                      Коц бойынша)

                               77

⇐ МАЗМҰНЫ
   72   73   74   75   76   77   78   79   80   81   82