Page 86 - indexf
P. 86

6-кестенің жалғасы

                          Май,

 Орташа      55-65  -  2        бұлшық ет   120-
аэробтық                  98 гликогені 14   240
қуаттылық
                                  және қан

                          глюкозасы

Аз аэробтық    50   -                    Май,
 қуаттылық   және                     бұлшық ет 12
             төмен     - 100 гликогені және >240
                                       және қан төмен
                                      глюкозасы

    Максималдыға жуық аэробтық қуаттылықты жаттығуларға
(жеке ОМП 85-95% оттегіні арақашықтық пайдаланумен жүретін
жаттығулар) жұмыс атқарушы бұлшық еттердегі барлық энер-
гия өнімділіктің 90%-ға дейін тотығу (аэробтық) реакцияларымен
қамтамасыз етіле орындалатын жаттығулар жатады. Тотығу субстра-
ты ретінде майларға (тыныс коэффиценті 1,0 жуық) қарағанда көп
мөлшерде көмірсулар қолданылады.

    Жұмысшы бұлшық еттерде гликоген басты, ал аз дәрежеде
– қандағы глюкоза (арақашықтықтың екінші жартысында) рөл
атқарады. Жаттығулардың рекордтық ұзақтығы 30 минутқа
дейін (6-кестені қараңыз). Бұл топ жаттығуларына 5000-10  000 м
арақашықтыққа жүгіру, 1500 м арақашықтыққа жүзу, 15 км-ге дейін
шаңғымен және 10  000 м-ге конькимен жүгіру жатады (7-кестені
қараңыз). Жаттығуларды орындау барысында жеке максималды
мәндерден ЖЖЖ 90-95%, ӨВ 85-90% деңгейінде болады. Жоғары
білікті спортшыларда қандағы лактат концентрациясы жаттығудан
соң 10 ммоль/л жуық болады. Жаттығуды орындау үдерісінде дене
температурасының 39ºС-қа дейін айтарлықтай жоғарылауы орын
алады.

    Субмаксималды аэробтық қуаттылықты жаттығуларға
(жеке ОМП 70-80% отегіні арақашықтық пайдаланумен жүретін
жаттығулар) орындалу барысында барлық энергияның 90% аса
аэробтық жолмен түзілетін жаттығулар жатады. Тотығу үдерісіне
майларға қарағанда (тыныс коэффиценті шамамен, 0,85-0,90)
көмірсулар едәуір жиі ұшырайды. Негізгі энергиялық субстрат
ретінде бұлшық еттер гликогені, жұмысшы бұлшық ет пен қан май-
лары және (жұмыстың жалғасу барысы бойынша) қан глюкозасы

                                       86

⇐ МАЗМҰНЫ
   81   82   83   84   85   86   87   88   89   90   91