Page 84 - indexf
P. 84

28-сурет. 3 сағат велосипед тебу барысында жаттыққан және жаттықпаған
   тұлғалардағы плазмалық глюкагон (А), инсулин (Ә) және глюкоза (Б)
                 деңгейлері (A. Giovanelli мәліметтері бойынша)

    Мұндай жаттығулардың шекті ұзақтығы 3-10 мин. (6-кестені
қараңыз). Бұл топтың жарыс жаттығуларына 1500 және 3000
м-ге жүгіру, 3000-5000 м-ге конькимен жүгіру, 400-800 м-ге жүзу,
академиялық есу (классикалық арақашықтықтарда) және велотректе
4 км жүріп өту жатады (7-кесте).

    Жаттығу басталғаннан 1,5-2 минуттан соң, сол адам үшін
жүректің жиырылу жиілігі, систолалық қан көлемі, минуттық қан
көлемі, ӨВ, оттегіні пайдалану жылдамдығы (ОМП) көрсеткіштері
максималды дәрежеге жетеді. Жаттығу жалғасуы барысында ӨВ,
қандағы лактат пен катехоламиндер концентрациясы арта береді.

           84

⇐ МАЗМҰНЫ
   79   80   81   82   83   84   85   86   87   88   89