Page 87 - indexf
P. 87

болып табылады. Жаттығулардың рекордтық ұзақтығы 120 минутқа
дейін (6-кестені қараңыз). Бұл топ жаттығуларына 30 км және одан
жоғары арақашықтыққа жүгіру (марафондық жүгіруді қоса), 20-25
км-ге шаңғы жарыс, 20 км-ге дейін спорттық жүру жатады (7-кестені
қараңыз).

    Жаттығуды орындау барысында сол спортшы үшін максималды
мәннен ЖЖЖ 80-90%, ал ӨВ 70-80% деңгейінде болады. Қандағы
лактат концентрациясы көбіне, 4 ммоль/л-дан аспайды. Ол тек
жүгірудің бас кезінде немесе ұзақ өрлеулер нәтижесінде айтарлықтай
артады. Бұл жаттығуларды орындау кезінде дене температурасы 39-
40°С-қа жетуі мүмкін.

    Жетекші физиологиялық жүйелер мен механизмдерге барлық
аэробтық жаттығулар үшін ортақ және одан басқа көп мөлшерде
жұмыс атқарушы бұлшық еттер мен бауырдағы гликоген қоры мен
бұлшық еттердің майларды жоғары ұзақ уақыттық утилдеу (тотығу)
қабілетіне тәуелді оттектік (тотығу) жүйенің сыйымдылығы жатады.

    Орташа аэробтық қуаттылықты жаттығуларға (жеке ОМП
55-65% оттегіні арақашықтық пайдаланумен жүретін жаттығулар)
орындау кезінде жұмыс атқарушы бұлшық еттер энергиясының
барлығына дерлігі аэробтық жолдармен қамтамасыз етілетін
жаттығулар жатады. Негізгі энергиялық субстрат жұмысшы
бұлшық ет пен қан майлары болып табылады, ал көмірсулар (тыныс
коэффиценті 0,8 жуық) салыстырмалы аз рөл атқарады. Жаттығу
шекті ұзақтығы бірнеше сағатқа дейін созылады (6-кестені қараңыз).
Бұл топ жаттығуларына 50 км-ге спорттық жүру, 50 км-ден жоғары
ұзақ арақашықтықтағы шаңғы жарыс жатады (7-кестені қараңыз).

    Кардиореспираторлық көрсеткіштер сол спортшыға тән макси-
малды мәннен 60-75%-дан аспайды. Бұл жаттығулар мен алдыңғы
топ жаттығуларының көптеген сипаттамалары ұқсас келеді.

    Аз аэробтық қуатылықты жаттығуларға (жеке ОМП 50%
және одан төмен оттегіні арақашықтық пайдаланумен жүретін
жаттығулар) орындалу кезінде жұмыс атқарушы бұлшық еттердің
барлық энергиясы көп мөлшерде майлар және аз дәрежеде көмірсулар
(тыныс алу коэффиценті 0,8 төмен) арқылы шығындала отырып
жүретін тотығу үдерістері есебінен қамтамасыз етілетін жаттығулар
жатады. Мұндай салыстырмалы физиологиялық қуаттылықты
жаттығулар көптеген сағаттар бойы орындалуы мүмкін. Бұл
адамның тұрмыс әрекетімен (жүру) және жаппай немесе емдік дене
шынықтыру сабақтары жүйесіндегі жаттығуларға сәйкес келеді.

           87

⇐ МАЗМҰНЫ
   82   83   84   85   86   87   88   89   90   91   92