Page 91 - indexf
P. 91

латын жұмыс кезеңін және аралық, яғни салыстырмалы қозғалыс
белсенділігі төмен кезеңдерін бөліп көрсетуге болады.

    Интервалдық қайталау жаттығуларына толық немесе жа-
рым-жартылай тынығу кезеңдеріне бөлінген әртүрлі немесе бірдей
элементтердің стандартты комбинацияларынан тұратын жарыс, со-
нымен қатар кешенді жаттықтыру жаттығулары жатады. Мұнда осы
комбинацияларға кіретін элементтер (сипаты мен қарқындылығы
бойынша) біртектес циклдік немесе ациклдік жаттығулар болуы
мүмкін. Интервалдық-қайталау жаттығуларына толық немесе жа-
рым-жартылай тынығу кезеңдерімен арақашықтықтың белгілі бір
бөлімдерін жоғары жылдамдықпен жүгіріп (жүзіп) өтумен қайталана
кезектесе орындалатын жаттықтыру жаттығулары жатады. Басқа
мысал ретінде штанганы бірінен-соң бірін бірнеше рет көтеруді
келтіруге болады. Жарыстық интервалды-қайталау жаттығуларына
биатлон мен спорттық бағдарлау жатады. Егер кешенді жаттықтыру
жаттығуларын орындау кезінде жұмыс кезеңдері толық тынығудың
аралық кезеңдерімен кезектестірілсе, онда мұндай жаттығулар
қайталама-үзілістік жаттығулар деп белгіленеді. Қайталама-
өзергіштіктік жаттығулардан жаттықтыру мен жарыс кездерінде
бірдей сол немесе түрлі жаттығуларды қайталап орындауды ажы-
рата білу керек. Егер жаттығуды орындау кезінде жұмыс кезеңдері
айтарлықтай төмен қарқынды жұмыспен, яғни жарым-жартылай
тынығудың аралық кезеңдерімен (мысалы, жортақтап жүгірумен)
алмасса, онда мұндай жаттығуларды интервалды үзілістік
жаттығулар деп белгілейді. Кешенді жаттықтыру жаттығуларының
көпшілігі мен әр жаттықтыру сабағы тұтас алғанда мәні бойынша
интервалдық қайталау жаттығулары болып табылады.

           91

⇐ МАЗМҰНЫ
   86   87   88   89   90   91   92   93   94   95   96