Page 90 - indexf
P. 90

тән ерекшелік – спорттық снарядпен қол жылдамдығын және (не-
месе) бүкіл дененің үлкен жылдамдығын көрсететін бір немесе
бірнеше баса көрсетілген қысқа мерзімдік жоғары қуаттылықты
(«жарылыстың») күш салудың болуы. Бұл жарылыстық бұлшық
еттік күштенулер:

    1.	Ұзындыққа немесе биіктікке секіру алыстығына;
    2.	Суға секіру, гимнастикалық және акробатикалық секірулер
кезінде ауада күрделі қозғалысты орындау кезіндегі ұшу ұзақтығына;
    3.	Жеңіл атлетикалық лақтыруларда максималды немесе ауыр
атлетикалық жаттығуларда қажетті алыстыққа спорттық снарядтың
ұшуына жағдай жасайды.
    Барлық жарылыстық жаттығулар бірнеше секундтан біраз
ондаған секундқа ғана созылатын өте қысқа ұзақтықта өтеді. Көпте-
ген жарылыстық жаттығулардың көп бөлігі циклдік қозғалыстардан
(екпін алу немесе қарқын алудан) тұрады. Мұндай қозғалыстарды
үйрету ерекшелігін анықтайтын әр жарылыстық жаттығу біртұтас
ретінде орындалады.
    Стандарттық-үзілістік жаттығуларға спорттық және көркем
гимнастикадағы, акробатикадағы (секіруден басқа), конькимен
және су шаңғысымен мәнерлеп сырғанаудағы, синхронды жүзудегі
жарыс жаттығулары жатады. Бұл жаттығуларға әртүрлі күрделі
әсерлердің (элементтерінің) үздіксіз, қатаң бекітілген, стандартты
тізбекке бірігуі тән. Бұлардың әрқайсысы аяқталған өзіндік әрекет
болып табылады. Сондықтан жеке үйретілуі немесе сан алуан
комбинацияларға (кешенді жаттығуларға) компонент ретінде кіруі
де мүмкін.
    Стандартты емес-үзілістік (ситуациялық) жаттығуларға
барлық спорттық ойындар мен спорттық жекпе-жектер, соны-
мен қатар тау шаңғысы спортының барлық түрлері жатады. Бұл
жаттығуларды орындау барысында қысқа мерзімдік жарылыстық
сипаттағы (үдету, секіру, соққы) максималды күш салудан салыс-
тырмалы төмен қарқынды дене жүктемесіне, тіпті, толық тынығуға
(боксшылар мен күрескерлердің минуттық үзілістері, ойынның
тоқтатылуы, спорттық ойындардағы таймдар арасындағы тынығу
кезеңдері) дейін қозғалыс әрекетінің сипаты мен қарқындылығы
түрліше болып келетін кезеңдердің шұғыл және стандартты емес
түрде кезектесуі орын алады. Осыған байланысты стандартты емес-
үзілістік жаттығуларда қозғалыс белсенділігі ерекше қарқынды бо-

           90

⇐ МАЗМҰНЫ
   85   86   87   88   89   90   91   92   93   94   95