Page 92 - indexf
P. 92

ІV тарау
Спорттық әрекет кезіндегі организм күйінің

            физиологиялық сипаттамасы

    Бұлшық ет әрекеті организмнің көптеген физиологиялық
жүйелерінің айтарлықтай өзгерістерін тудырады. Бұл өзгерістер ди-
намикасында:

    1.	Сөре алдыңғы күй;
    2.	Негізгі (жұмыс) кезең;
    3.	Қалпына келу кезеңі сияқты 3 негізгі кезеңдерді бөліп
көрсетуге болады.
    Сөре алдыңғы күй жұмыстың басталуының (жаттығудың
орындалуының) алдындағы функциялық өзгерістермен сипаттала-
ды.
    Жұмыс кезеңі ең бастапқы кезеңінде қызметтердің тез
өзгеруімен сипатталатын бабына келу күйінен және келесі одан
кейін негізгі физиологиялық қызметтер салыстырмалы өзгеріссіз
болатын (нақтылап айтқанда, баяу өзгеретін) тұрақты жұмыс
қабілеттілік күйінен тұрады. Жаттығуды орындау үдерісінде оны
әрі қарай қажет жағдайдағы қарқындылық деңгейінде жалғастыра
алмаумен немесе сол жаттығуды мүлде жалғастыра алмаумен, яғни
жұмыс қабілеттілігінің төмендеуімен көрінетін қажу пайда болады.
    Бастапқы, жұмыс алдыңғы деңгейге дейін қызметтердің
қалпына келуі жаттығуды тоқтатқаннан кейінгі белгілі бір уақыт
мерзімі барысындағы организмнің күйін сипаттайды.
    Организм күйінің көрсетілген кезеңдерінің әрқайсысына түрлі
жүйелер, мүшелер мен тұтас бүкіл организмнің физиологиялық
қызметтерінің ерекше динамикасы тән. Бұл кезеңдердің болуы,
олардың ерекшелігі мен ұзақтығы орындалатын жаттығулар сипаты-
мен, қарқындылығымен, ұзақтығымен, оның орындалу жағдайымен
және сонымен қатар спортшының жаттықтырылу дәрежесімен
анықталады.

                               Сөре алдыңғы күй

    Бұлшық ет әрекетінің орындалуына дейін оны күту үдерісінде
организмнің түрлі қызметтерінің бірқатар өзгерістері жүреді. Бұл

                                       92

⇐ МАЗМҰНЫ
   87   88   89   90   91   92   93   94   95   96   97