Page 16 - indexf
P. 16

2-тарау. Жылжымайтын мүлік объектілерінің сипаттамасы және
                                  сыныптамасы

2.1 Жылжымайтын мүлік объектілері сыныптамасы, ерек-
шеліктері

    Жылжымайтын мүлік объектілерінің кешені – бірыңғай жер
учаскесінде орналасқан ғимарат, құрылыс, инженерлік желілер
жиынтығы.

    Негізгі тұрғын үй ғимаратымен функционалдық жағынан байла-
ныссыз, негізгі ғимараттың төменгі қабаттарына жанасқан жеке орын-
жайлар немесе орынжайлар тобы жапсыра салған объектілер деп ата-
лады.

    Тұрғын үй ғимараты көлемінде, жеке кіретін жері, ұйымдастырыл-
ған қоғамдық мақсаттағы орынжай жапсарластыра салынған орынжай
болып есептелінеді. Негізгі ғимаратқа жанастыра салынған және оның
бөлігіне жапсарластыра салынған үй-жай жапсарластыра-жанастыра
салынған орынжай деп аталады.

    Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау
дегеніміз жеке нөмір бере отырып, Қазақстан Республикасының
әкімшілік-аумақтық бөлінісіне сәйкес жылжымайтын мүлік объектісін
анықтау және елді мекен мен елді мекеннің құрам бөлігіне жатқызу.

    Әрбір жеке тұрған ғимараттар жіктелім объектісі болып табылады.
Егер ғимараттар бір-біріне жанасып, ортақ қабырғасы болып, бірақ
әрқайсысы дербес конструкциялық бүтін болатын болса, онда олар
жеке объектілер болып саналады.

    Ғимараттардың дербес шаруашылық мәні бар сыртқы қосымша
құрылыстары, тек бүтін объектіге, ғимараттарға қарағанда, өзге
атқарымдық сипаты болған жағдайда ғана жеке ғимарат ретінде
есептеледі. Оларға қазандықтардың жеке тұрған ғимараттары, сондай-
ақ дербес объектілер болып табылатын қора-қопсы құрылыстары, яғни
қоймалар, гараждар және өзгелері жатады.

    Үйлерге жапсарластырылып салынған және дүкен, асхана, шаш-
тараз, ателье, байланыс бөлімдеріне, банк және басқа да ұйымдарға
арналған үй-жайлар мақсаттары ғимараттардың негізгі мақсатынан
басқа негізгі ғимарат құрамына кіреді.

    Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі әзірлеп, Қазақстан
Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық рет-
теу және метрология комитеті төрағасының 2009 жылғы 7 қыркүйек-
тің №451-од бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының

           16

⇐ МАЗМҰНЫ
   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21