Page 136 - indexf
P. 136

2) сенімгерлікпен басқару құқығы, оның ішінде қорғаншылық,
қамқоршылық кезінде, мұралық құқық қатынастарында, банкроттықта
және басқаларында сенімгерлікпен басқару құқығы;

    3) кепіл;
    4) тыйым салу;
    5) мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегінде жылжымайтын
мүлікті пайдалануға, оған билік етуге немесе белгілі бір жұмыстарды
орындауға шектеу қоюы немесе тыйым салуы;
    6) басым мүдделерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының
    заңдарында көзделген жылжымайтын мүлікке құқықтардың өзге
    ауыртпалықтары.
    Жылжымайтын мүлікке құқықтардың өзгерістері туындайтын бол-
са, олар міндетті түрде мемлекеттік тіркеуге жатады.
    Жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгеруі
мемлекеттік органдардың шешімі бойынша болған жағдайда, оның
ішінде елді мекендердің атауы, көшелердің аты, сондай-ақ үйлер мен
өзге де құрылыстардың реттік нөмірлері, мекенжайы өзгерген кезде
немесе Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысын
реформалауға байланысты кадастрлық нөмірлер өзгерген кезде мұндай
өзгерістерді тіркеу құқық иеленушіге жүктеле алмайды және өтеусіз
жүзеге асырылады. 
    Құқықтық кадастрда міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын ба-
сым мүдделер төмендегідей:
    1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгілен-
ген жалпы ережелер мен тыйым салулар ретіндегі ауыртпалықтар;
    2) нормативтік құқықтық актілердің негізінде туындайтын құқық-
тар, құқықтар ауыртпалықтары, оның ішінде жалпыға қолжетімді
жабық емес жер учаскелерінде болу және олардан жаяу өту құқығы,
жария сервитуттар;
    3) кемінде, бір жыл мерзімге жер пайдалану құқығы;
    4) бөтен жылжымайтын мүлікті бір жылдан аз мерзімге пайдалану
құқығы, соның ішінде бір жылдан аз мерзімге жалдау, өтеусіз пайдала-
ну құқығы, сервитуттар;
    5) электр желілеріне, телефон және телеграф желілеріне және
бағандарға, құбырларға, геодезиялық нүктелерге және қоғамдық
қажеттіктермен шарттастырылған басқа да коммуникациялық желі-
лерге адамдардың қол жеткізу және көлік өту құқығы;
    6) иелену мерзімінің ескіруіне орай іс жүзіндегі иесінің жылжы-
майтын мүлікке меншік құқығын белгіленген тәртіппен танығанға
дейін құқық иесі болып табылмайтын адамдардың жылжымайтын

мүлікті іс жүзінде иеленуі;

           136

⇐ МАЗМҰНЫ
   131   132   133   134   135   136   137   138   139   140   141