Page 137 - indexf
P. 137

7) мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларын пайда-
лану құқығы немесе жергілікті атқарушы органдардың жекеменшік
тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайларын пайдалану
құқығы болып табылады.

    Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіп-
пен алым алынады.

    Құқықтық кадастрды тіркеуші органдар жүргізеді. Құқықтық ка-
дастрда жылжымайтын мүлікке қатысты келесі қажетті ақпараттар
жиынтығы:

    –– қолданылатын және тоқтатылған құқықтар және тіркеудің өзге
         де объектілері туралы ақпарат;

    –– жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамалары;
    –– құқық иелері туралы мәліметтер;
    –– құқықтық кадастрдың мәліметтеріне бар сұрау салулар туралы

         ақпарат қамтылады.
    Құқықтық кадастр тіркеуші органға оларды тіркеуге уәкілетті ор-
гандар берген азаматтық әуе кемелеріне, теңіз кемелеріне, ішкі суда
жүзу кемелеріне, «өзен-теңіз» жүзу кемелеріне тіркелген құқықтар,
ауыртпалықтар туралы мәліметтерді де қамтиды.
    Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу жылжы-
майтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша жылжымайтын
мүліктің сәйкестендіру және құқықтық кадастрды жүргізуге қажетті
басқа да сипаттамаларын ескере отырып жүзеге асырылады.
    Құқықтық кадастрдағы барлық жазбалар жылжымайтын
мүліктің әрбір объектісіне және оларға теңестірілген объектілерге
жүргізіледі. Жылжымайтын мүлік объектілері кадастрлық нөмірмен
сәйкестендіріледі.
    Кадастрлық нөмір – жылжымайтын мүлік объектісінің Қазақстан
Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен берілетін
Қазақстан Республикасының аумағындағы жеке, қайталанбайтын
нөмірі. 
    Жылжымайтын мүлікке құқықтарды, құқықтар ауыртпалықтарын,
жылжымайтын мүлікке теңестірілген объектілерге құқықтарды және
мемлекеттік тіркеу туралы барлық жазбалар құқықтық кадастрдың
ақпараттық жүйесіне енгізіледі. 
    Құқықтық кадастрдың бірыңғай ақпараттық жүйесін
қалыптастыруды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті, Зияткерлік
меншік құқығы комитеті, Сот актілерін орындау комитеттерінің об-

           137

⇐ МАЗМҰНЫ
   132   133   134   135   136   137   138   139   140   141   142