Page 203 - indexf
P. 203

ланысты өзге де мүлік, яғни орнын ауыстыру олардың мақсатына
сыйыспайтын шығын жұмсамайынша мүмкін болмайтын объектілер,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жыл-
жымайтын мүлік қатарына кіретін өзге де мүлік; Жылжымайтын
мүлік – табиғи объектілер: жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар,
көпжылдық екпелер және жермен тығыз байланысты өзге де мүлік,
яғни мақсатына шамадан тыс зиян келтірілмей көшірілуі мүмкін бол-
майтын объектілер;

    Жеке сервитут – үстемдікке ие жылжымайтын мүлік объектісін
иеленуіне байланысты емес белгілі бір адамның пайдасына сервитут;

    Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу
– белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жылжымайтын мүлікке
құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруін не-
месе тоқтатылуын және құқықтық кадастрдағы мемлекеттік тіркеудің
өзге де объектілерін мемлекеттің тануы мен растауының міндетті
рәсімі;

    Жылжымайтын мүліктің бастапқы объектісі – әртүрлі
функционалдық мақсаттағы ғимараттар және құрылыстар, сондай-ақ
ерекше реттеу және қала құрылысын регламенттеу объектілері;

    Жылжымайтын мүліктің кейінгі объектісі – құқықтарды тіркеу
мақсатында меншіктің жеке (бөлек) құқық (өзге де заттық құқық)
объектілері ретінде оларға кадастрлық нөмірлер берілетін тұрғын және
тұрғын емес үй-жайлар;

    Жылжымайтын мүлікке құқық ауыртпалығы – Қазақстан
Республикасының заңдарында немесе тараптардың келісімімен
көзделген тәртіппен туындаған және құқық иесінің жылжымайтын
мүлікке иелік ету, пайдалану және (немесе) билік ету құқығын шектеу-
де көрінетін жылжымайтын мүлікке құқықты кез келген шектеу;

    Жылжымайтын мүлік объектісін қалыптастыру – жылжымай-
тын мүлік объектісінің бірегей сәйкестендіру сипаттамаларын белгілеу
және оған кадастрлық нөмір беру процесі;

    Жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттама-
лары – жылжымайтын мүліктің мекенжайын, мекенжайдың тіркеу ко-
дын (ол бар болған кезде), түрін, кадастрлық нөмірін, меншік нысанын,
құрамдастарының санын, жерлерінің, санаттарын, бөлінуін, нысаналы
мақсатын, қабатын, ауданын (жалпы, тұрғын, пайдалы) қоса алғанда,
жылжымайтын мүлік объектісі туралы құқықтық кадастрды жүргізу
мақсатына қажетті мәліметтер;

    Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру –
үйлердің, ғимараттардың және олардың құрамдастарының құқықтық

           203

⇐ МАЗМҰНЫ
   198   199   200   201   202   203   204   205   206   207   208