Page 20 - indexf
P. 20

не арналған мүлiктiң барлық түрлерi, соның iшiнде үйлер, ғимараттар,
жабдықтар, құрал-саймандар, шикiзат, өнiмдер, жер учаскесiне құқық,
талап ету құқықтары, борыштар, сондай-ақ оның қызметiн дараланды-
ратын белгiлерге құқықтар, яғни фирмалық атау, тауар белгiлерi және,
егер шартта өзгеше көзделмесе, басқа да айрықша құқықтар енедi.

    Кәсiпорын тұтасымен немесе оның бiр бөлiгi сатып алу-сатуға,
кепiлге, жалға беру және заттық құқықтарды белгiлеуге, өзгертуге және
тоқтатуға байланысты басқа да мәмiлелер объектiсi болуы мүмкiн.

    Кәсіпорынның құрамына мүліктік кешен ретінде кіретін жыл-
жымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеудің ерекшеліктері
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы»
Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.

    Өнеркәсіптік ғимараттарға мыналар кіреді:
    –– өнеркәсіптік өндіріс үшін пайдаланылатын жабық ғимараттар,

         мысалы, зауыттар, фабрикалар, шеберханалар, мал соятын жер-
         лер, сыра қайнататын жерлер, өндірістік және құрама цехтар
         және т.с.с.
    –– өнеркәсіптік кешендер аумағында немесе өнеркәсіптік ғима-
         раттар ішінде орналасатын әкімшілік-тұрмыстық корпустар,
         кеңсе және тұрмыстық жайлар, әкімшілік-өнеркәсіптік кор-
         пустар, кеңсе және өндірістік жайлар, қызметтік-техникалық
         жайлар.
    Бұл сыныптың құрамына:
    –– резервуарлар, сүрлемдер, қоймалар;
    –– тұрғын емес ауылшаруашылық ғимараттар;
    –– ғимарат сипаттамасы жоқ күрделі өнеркәсіптік қондырғылар,
         яғни электр станциялары, тазалау ғимараттары кірмейді.
    Сауда ғимараттары құрамына сауда орталықтары, сауда қатарлары,
әмбебап дүкендер, жекелеген дүкендер мен бутиктер, жәрмеңкелер,
аукциондар және көрмелер үшін пайдаланылатын ғимараттар, жабық
базарлар, дәріханалар, сауда дүңгіршектері, халыққа қызмет көрсету
кезінде қолданылатын дүңгіршектер, бензин бағаналары және тех-
никалық қызмет көрсету станциялары кіреді.
    Мәдени және қоғамдық ойын-сауық мақсатындағы ғимараттарға
мыналар кіреді:
    –– кинотеатрлар, концерттік залдар, опералық театрлар, театрлар
         және т.б.
    –– жиналыс өткізуге арналған залдар және негізінен қоғамдық
         ойын-сауыққа пайдаланылатын әмбебап залдар;

           20

⇐ МАЗМҰНЫ
   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25