Page 21 - indexf
P. 21

–– казино, цирк, мюзик-холл, би залдары және дискотекалар, түнгі
         клубтар, эстрадалар және т.б.

    Қонақ үйлік, мейрамханалық және осыған ұқсас ғимараттар
құрамына кіретіндер:

    –– қонақ үйлер, отельдер, мотельдер, пансиондар және мейрам-
         ханалары бар немесе оларсыз, тұруға арналған осы сияқты
         ғимараттар;

    –– жеке тұрған мейрамханалар, кафелер мен барлар, асханалар
         және т.б.

    Қысқа мерзімге тұруға арналған ғимараттарға:
    –– жастар турбазалары, тау баспаналары, балалар немесе

         отбасылық демалысқа арналған лагерьлер, демалушыларға
         арналған кемпингтер, демалыс үйлері және еш жерде
         жіктелмеген, демалу үшін демалушылардың тұруына арналған
         басқа да ғимараттар жатады.
    Кеңселік ғимараттар құрамына:
    –– бизнесті жүргізетін орын ретінде, әкімшілік мақсаттар үшін
         кеңсе ретінде пайдаланылатын ғимараттар, мысалы, банктер,
         өңірлік және аумақтық кеңселер, мемлекеттік мекемелер және
         т.б.
    –– конференциялар және конгрестер өткізуге жалға беруге
         арналған орталықтар және басқалай коммерциялық мақсатта
         қолданылатын ғимараттар.
    Тұрғын емес ауылшаруашылық ғимараттары табыс көзі болып са-
налады, оларға:
    –– ауыл шаруашылығы өнімдері үшін пайдаланылатын ауыл
         шаруашылық ғимараттары мен қоймалары, мысалы, сиыр қора,
         ат қора, мал қора, қойларға арналған ашық қора, жылқы зауы-
         ты, ит қора, құсхана, астық сақтау қоймасы, жертөле, шарап
         зауыты, шарап кеспектері, жылыжайлар, ауыл шаруашылығы
         сүрлемдері, ауыл шаруашылығы өнімінің әр түрлерін сақтау
         үшін қолданылатын ангарлар және т.б. жатады, ал зоологиялық
         және ботаникалық бау-бақшалардың ғимараттары бұған
         кірмейді.
    Коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілері табыс әкелетін
объектілер және табыс алу үшін жағдай жасайтын объектілерге бөліне-
ді. Табыс әкелетін жылжымайтын мүлік объектілері коммерциялық
жылжымайтын мүлік объектілері болып саналады. Табыс алу үшін
жағдай жасайтын объектілер өнеркәсіптік индустриалды жылжымай-
тын мүлік объектілері болып танылады.

           21

⇐ МАЗМҰНЫ
   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25   26