Page 22 - indexf
P. 22

Табыс әкелетін коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілеріне:
сауда объектiлерi мен қоғамдық тамақтандыру объектiлері, кеңселер,
т.б. жатады.

    Сауда объектiлерi дүкендер, сауда үйлері, қоғамдық тамақтандыру
объектiлері – мейрамханалар кафе, барлар, асханалар, сонымен бірге
қонақ үйлер фотосалондар, бильярд залдары, шаштараздар мен сұлулық
салондары, фитнес клубтары және жаттығу залдары, автомобильдерді
жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша станциялар, көлік
жуу, гараждар, көпдеңгейлі паркингтер, жер асты паркингтері, валюта-
ны айырбастау пункттері және т.б. енеді. Табыс алу үшін жағдай жа-
сайтын және табыс көзі болып саналатын объектілерге өнеркәсіп база-
лары, өндірістік цехтар, қоймалар жатқызылады.

    Коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілері жылжымайтын
мүлік нарығында белгілі бір бизнес түрін жүргізуге, инвестиция үшін
қолданылады. Белгілі бір бизнес түрін жүргізуге арналған объектілер
мамандандырылған жылжымайтын мүлік және мамандандырылмаған
жылжымайтын мүлік болып бөлінеді. Мамандандырылған жылжымай-
тын мүлік бизнесімен бірге нарыққа ұсынылады, мамандандырылмаған
жылжымайтын мүлікке ғимараттар, дүкендер, кеңселер және т.б. кіреді.

    Инвестиция үшін қолданылатын жылжымайтын мүлік объектілері
жалға беруден табыс алу мақсатында және салынған капиталдан пайда
алу мақсатында пайдаланылады. Жылжымайтын мүлік объектілерін
жалға беру бағасы – жалға берілген коммерциялық жылжымай-
тын мүлік объектісінің бір шаршы метрінің қосымша құн салығын
қосқандағы бағасы болып есептелінеді.

    Коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілерінің сипаттамала-
ры мен ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ, олар төмендегідей:

    1.	 Дүкендер – сауда, қосалқы, әкiмшiлiк-тұрмыстық үй-жайлар-
мен, сондай-ақ тауарларды қабылдауға, сақтауға және сатуға дайындау-
ға арналған үй-жайлармен қамтамасыз етiлген, тұрақты жұмыс iстейтiн
күрделi құрылыс немесе оның бiр бөлiгi.

    Сауда объектiсi – сауда қызметiнiң субъектiлерi сауда қызметiн
жүзеге асыру үшiн пайдаланатын мүлiктiк кешен.

    Сауда үйi – бiртұтас басқарылатын сауда объектiлерiнiң және
қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнiң жиынтығы орналасқан, сау-
да қызметiне арналған және сауда, әкiмшiлiк-тұрмыстық және қойма
үй-жайларымен және өз аумағы шекарасының шегiнде автокөлiк
құралдарын қоюға арналған алаңмен қамтамасыз етiлген тұрақты
жұмыс iстейтiн күрделi құрылыс. Олар сауда қызметiн, яғни та-
уарларды сатып алу-сатуды жүзеге асыруға бағытталған жеке және

           22

⇐ МАЗМҰНЫ
   17   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27