Page 23 - indexf
P. 23

заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметiн дамыта отырып, пайда табу
объектілері болып табылады.

    2.	 Кеңселер – басқару қызметімен айналысу үшін қолданылатын
әкімшілік ғимараттарындағы үй-жайлар. Олардың келесі түрлері бо-
лады:

    «А» сыныпты кеңселер – басты көлік магистралдарында және
ыңғайлы кірмесі бар жаңадан соғылған бизнес орталықтардағы немесе
қайта жаңғыртылған ғимараттардағы үй-жайлар. «А» сыныпқа жата-
тын әкімшілік ғимараттар ішкі үй-жайлардың жеке авторлық жобасын,
панорамалық шынылауды, сыртын жоғары сапалы материалдармен
әрлеуді топшылайды. Осы ғимараттарда қызметтің ең жоғары деңгейіне
ие: орталықтан қамтамасыздандырудың кеңейтілген инфрақұрылымы,
оптика-талшықты байланыс, ресепшн, мәжіліс-залдар, тұрмыстық
қызмет және демалыс құралдары, жекеменшік қауіпсіздік қызметімен
және күзетулі тұрақтармен қамтамасыздандырылған.

    «В» сыныпты кеңселер – жаңа немесе жаңадан жаңғыртылған
ғимараттардағы үй-жайлар. «В» сыныпты әкімшілік ғимараттарда
дамыған инфрақұрылым болуы тиіс: мәжіліс-залдары, келіссөз
жүргізу залдары, орталық ресепшн, тұрмыстық қызмет және дема-
лыс құралдары болуы мүмкін. Осы объектілердің сыныбы негізінен
ғимараттардың бас көшелерден алыс орналасуы немесе А сыныбының
кейбір талаптарына сай келмеуі есебінен төмендетілген.

    «С» сыныпты кеңселер – инженерлік коммуникациялары ескір-
ген, ағаш жабынды ғимараттардағы үй-жайлар. «С» сыныпты
әкімшілік ғимараттарға қала орталығынан едәуір алыс орналасу тән.
Ғимараттардың архитектурасына немесе сыртқы өңдеуіне талап-
тар қойылмайды. Оларға пайдалану қызметі мен тәулік бойғы күзет
міндетті болып табылады. Қалғанын жалға алушы өзіне-өзі қамтамасыз
етуі қажет.

    «D» сыныпты кеңселер – сапасы жағынан «С» сыныбынан төмен,
сонымен бірге кеңсе үшін бейімделген тұрғын үйлердің бірінші
қабатында және жертөлесінде орналасқан ғимараттар;

    3.	 Қоймалар – сақтау бойынша қажетті шарттардың орында-
луын қамтамасыз ететін және сақтау үшін құрал-жабдықпен және
жүкті түсіру-тиеу үшін ыңғайлы конструкциялар мен құрылыммен
жабдықталған шикізатты, өнімдерді, тауарлар мен өзге де жүкті
сақтауға арналған кісі тұрмайтын жайлар. Олар бірнеше топқа бөлінеді.

    «А» сыныпты қоймалар – жүк түрлерінің қай-қайсысын сақтаудың
ең жоғары талаптарын қамтамасыз етуге бейімделген бір қабатты
ғимараттар. «А» сыныпты қоймалар төбесінің биіктігі сегіз метрден

           23

⇐ МАЗМҰНЫ
   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28