Page 17 - indexf
P. 17

мемлекеттік жіктеуіші «Негізгі қорлар жіктеуіші» 2010 жылдың
1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. Бұл жіктеуіш Қазақстан
Республикасында бухгалтерлік және статистикалық есепке алу
салаларындағы негізгі қорларды есепке алу мақсатында кеңінен
қолдануға арналған. Негізгі қорлар жіктеуіші біріншіден, материалдық
негізгі қорлар, яғни негізгі құралдар және екіншіден, материалдық
емес негізгі қорлар, яғни материалдық емес активтерден тұратын екі
бөлімді қамтиды. Әрбір бөлім 1993 жылғы Ұлттық шоттар жүйесінің
(ҰШЖ93) және Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары-
ның (ҚЕХС) талаптарына сәйкес жіктелген. Негізгі қорларды есепке
алу үшін жіктеуішті аса маңызды макроэкономикалық статистикалық
көрсеткіштер әзірлеуге мүмкіндік береді. Негізгі қорлар жіктеуіші
экономикалық қызметтің жекелеген субъектілері деңгейінде;
субъектілер топтары деңгейінде; бүкіл экономика деңгейінде
қолданылады.

    Қазақстан Республикасында жылжымайтын мүлік нарығын
қалыптастыруда «Негізгі қорлар жіктеуішінің» алатын орны зор. Ол
жылжымайтын мүлік объектілері мен негізгі қорлар арасындағы
айырмашылықты түсінуге мүмкіндік туғызады.

    Біріншіден, жылжымайтын мүлік объектілері пайда болуына бай-
ланысты табиғи және жасанды объектілер болып екі негізгі элементке
бөлінеді.

    Екіншіден, атқаратын міндетіне байланысты табиғи объектілер
жер учаскелері, орман қоры жерлері және көпжылдық екпе ағаштар,
жер қойнауы учаскелері және су объектілері болып үш топқа
бөлінеді. Ал жасанды объектілер кісі тұратын жылжымайтын мүлік,
коммерциялық жылжымайтын мүлік, қоғамдық жылжымайтын мүлік
топтарына бірігеді.

    Үшіншіден, жылжымайтын мүлік объектілері көлемділігіне
қатысты:

    ♦♦ табиғи объектілер, соның ішінде жер учаскелері – айналымдағы
         жер учаскелері және ағымдағы пайдаланылатын жер учаскелері;

    ♦♦ жасанды объектілер, соның ішінде кісі тұратын жылжымай-
         тын мүлік – кондоминиум, үй, пәтер, бөлме; екінші пәтер үй
         нарығы үйлері және қала сыртындағы жазғы үй, саябақ деп
         топталады. Коммерциялық жылжымайтын мүліктер – а) офис-
         тер, мейрамханалар, дүкендер, қонақүйлер, жалға берілетін
         объектілер, қоймалар; ә) ғимараттар және құрылыстар; б) мүлік
         кешені ретіндегі кәсіпорын деп бірігеді. Қоғамдық жылжымай-
         тын мүлікке көлемділігіне байланысты ауруханалар, емхана-

           17

⇐ МАЗМҰНЫ
   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22