Page 19 - indexf
P. 19

шығып тұрған, от жағылатын пештері бар баспалдақ алаңдары; жап-
сарлас салынған, от жағылмайтын үй-жайлар, яғни террасалар, ауыз
үйлер, балкондар, лоджиялар, сондай-ақ от жағылмайтын мансардтар
мен мезониндер алаңы, жеке тұрған асүйлер, моншалар, сарайлар, тап-
шандар және т.б. алаңы, киіз үй, саяжайлар, бақшадағы үйлер, вагондар
және уақытша тұруға арналған басқа да үй-жайлардың алаңы кірмейді.

    Жеке үйлер, бір пәтерлі үйлер сыныбына мыналар кіреді:
    – жекелеген үйлер, қала сыртындағы жаздық үйлер, коттедждер,
саяжайлар, фермалар, күзетші үйлері, жылжымалы үйлер, киіз үйлер,
қалқымалы үйлер және т.б.
    Көп пәтерлі үйлер мен екі және одан да көп пәтерлі үйлер сыны-
бына екі пәтерлі және үш немесе одан да көп пәтері бар көп пәтерлі
үйлер кіреді. Ал оның құрамына әлеуметтік топтарға арналған тұрғын
ғимараттар және қонақ үйлер, жастар турбазалары, жаздық лагерьлер,
демалушыларға арналған кемпингтер кірмейді.
    Мамандандырылған үйлерге, яғни әлеуметтік топтарға арналған
тұрғын ғимараттар құрамына төменде көрсетілген объектілер кіреді:
    – әлеуметтік топтарға арналған тұрғын ғимараттар, қарттарға,
студенттерге, балаларға және басқа да әлеуметтік топтарға арналған
тұрғын ғимараттар мен сервистік ғимараттарды қоса алғанда, мысалы,
мүгедектер, қарттар, соның ішінде жүйке тамыры аурулары қатарын-
дағы мүгедектер, мүгедек балалардың стационар жағдайында тұрақты
немесе уақытша тұруға арналған үй-интернат, әлеуметтік қызмет
көрсету немесе басқа ұйымның аумақтық орталығы, тұрғылықты
жері жоқ адамдарға арналған бейімдеу орталықтары, жұмысшыларға
арналған жатақханалар, балалар үйлері, мектептердің жатын корпуста-
ры, панасыз адамдарға арналған мекендер және т.б.
    Мамандандырылған үйлер санатына ауруханалар мен емхана-
лар, ауруларды қарауға арналған стационарлар, түрмелер, казармалар
кірмейді. Өзге де тұрғын ғимараттар және тұруға жарамды басқа да
құрылыстардың құрамына тарих және мәдениет ескерткіштері болып
табылатын және негізінен тұрғын үйге сәйкестендірілген ғимараттар
және контейнерлік типтегі тұрғын жайлар, вагон-үйлер жатады.

2.3 Коммерциялық объектілер

    Кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын мүлiктiк
кешен құқық объектiсi түрiндегi кәсiпорын деп танылады. 

    Мүлiктiк кешен ретiнде кәсiпорынның құрамына оның қызмет етуi-

           19

⇐ МАЗМҰНЫ
   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24