Page 24 - indexf
P. 24

жоғары болуы тиіс, бұл жүкті көп деңгейде сақтауды ұйымдастыруды
қамтамасыз етеді, едені шаңға қарсы жабумен жабылған. Қоймаларда
күзет жүйесі мен видеобақылаумен жабдықталған жеткілікті алаң,
кеңселер мен қызметтік үй-жайлар, қоймалық және жүк тиеу жабдықта-
ры болады. Қоймалық үй-жайлар ірі көлік магистралдарының жанында
орналасады және ірі жүк көлігінің қозғалысын қамтамасыздандыратын
кірме жолдары болады. Қойма үй-жайына тікелей кіретін темір жол
тармағының болғаны жақсы.

    «В» сыныпты қоймалар – әрбір деңгейінің төбесінің биіктігі төрт
метрден сегіз метрге дейінгі бір немесе көпқабатты ғимараттар болып
келеді. «В» сыныпты қоймаларда жоғарғы қабаттарға жүкті тасымал-
дау жүк лифтілерімен қамтамасыздандырылады. Едендері бетоннан
немесе асфальттан болады. Қойма аймағында қосалқы үй-жайлар бо-
лады. Кеңселік үй-жайлар қома аймағына тікелей жақын орналасады.
Жүк қауіпсіздігі сигнал беру жүйесімен қамтамасыздандырылады.
Қоймалар жүк теміржол стансасына жақын орналасқан, негізгі көлік
магистралдарының жақындығы және ыңғайлы кірме жолдардың бар
болуы, жолдардың жақсы жағдайы болып табылады.

    «С» сыныпты қоймалары – төбесінің биіктігі төрт метрден кем
емес жылытылған ангар немесе күрделі өндірістік ғимараттар. «С» сы-
ныпты қоймаларға үй-жай ішіне жүк көлігі кіруін қамтамасыз ету үшін
нөл деңгейіндегі қақпаның болуы міндетті шарт болып табылады.
Қоймалар негізгі көлік магистралдарынан сәл қашықтау орналасқан,
оған ірі жүк көлігінің бөгетсіз қозғалысын қамтамасыздандыратын са-
палы жол-сателлиттер жүргізілген. Қойма үй-жайларының маңында
жүк автомобильдеріне арналған тұрақтар және оларды маневр жасау
үшін орын бар.

    «D» сыныпты қоймалар – жертөле үй-жайлар, азаматтық қорғаныс
объектілері, ангарлар, өндірістік үй-жайлар және өзге де кісі тұрмайтын
және техникалық алаңдар. «D» сыныпты қоймалар үшін ең аз талап-
тар қойылады. Осындай қоймалар жарықпен, тұрақты температура
мен ылғал деңгейімен жабдықтандырылады. Қойма үй-жайларында
жүк автокөлігіне ыңғайлы кірме жолдар мен жүкті тиеу мен түсіруді
жүзеге асыруға арналған қақпа болады. Қауіпсіздік сигнал берумен
қамтамасыз етіледі.

    4.	 Өнеркәсіп базалары – маңайында инфрақұрылымымен жасал-
ған өндірістік, қосалқы салалардан және басқару бөлімдері қатарынан
тұратын үй-жайлар жиынтығы;

    5.	 Өндірістік цехтар – өндірісті орналастыруға қажетті инфра-
құрылымы бар ұйымдық-жеке үй-жайлар.

           24

⇐ МАЗМҰНЫ
   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28   29