Page 18 - indexf
P. 18

лар, мәдени орындар, мектептер, инженерлік құрылғылар және
         т.б. жатады.
    Төртіншіден, пайдалануға даярлығына байланысты жылжымайтын
мүлік объектілері – пайдалануға толығымен даяр; реконструкциялау-
ды және күрделі жөндеуді қажет ететін; құрылыстың аяқталуын қажет
ететін, «аяқталмаған». Аяқталмаған құрылыс құрамына құрылыстық
циклі аяқталмаған және пайдалануға берілмеген объектілер кіреді.
Ғимарат немесе басқа да құрылыс адамдардың тұруына немесе пайда-
лануына дайын емес жағдайда құрылыс аяқталмаған болып саналады.
    Осы жіктеуішке өзгерістер туралы ақпарат жыл сайын шыға-
рылатын «Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар» ақпараттық
көрсеткішінде, ал өзгерістер мен түзетулердің мәтіні ай сайын
шығарылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министр-
лігі статистика комитеті «Мемлекеттік стандарттар» ақпараттық
көрсеткіштерінде жарияланады.

2.2 Тұрғын үй, пәтерлер сыныптамасы

    Тұрғын ғимараты дегеніміз жалпы мүлік болып табылатын,
негізінен тұрғын үй-жайдан, сондай-ақ тұрғын емес үй-жай және өзге
де бөліктерден тұратын құрылыс. Егер жалпы пайдалы алаңның жар-
тысынан азы тұрғындық мақсат үшін пайдаланылса, ғимарат оның
мақсатты дизайнына сәйкес тұрғын емес ғимарат ретінде жіктеледі.

    Тұрғын үйдiң жалпы алаңы – тұрғын үйдiң пайдалы алаңының
және нормативтiк-техникалық актiлерге сәйкес төмендеткiш
коэффициенттердi қолданып есептелетiн балкон, лоджиялар, дәлiздер,
террассалар алаңдарының қосындысы.

    Тұрғын үйдiң тұрғын емес алаңы – тұрғын үй-жайдағы iшкi қосалқы
бөлмелердiң, яғни асхананың, ванна бөлмесiнiң, дәретхананың,
кiреберiстiң, дәлiздiң, пәтер қоймасының және сол сияқтылардың
шаршы метрмен есептелетiн алаңы.

    Жалпы пайдалы, тұрғын алаңға тұрғын бөлмелердің, жалпы
бөлмелердің және жатын бөлмелердің алаңы, тұрғын үйдің негізгі
қабырғасы шегіндегі қосалқы үй-жайлардың, асүй, алдыңғы бөлмелер,
ванна және себезгісі бар бөлмелер, дәретхана, қоймалар және жапсар-
ма шкафтар алаңы, үйге жапсарлас салынған, жыл бойы тұруға жа-
рамды, от жағылатын үй-жайлардың, сондай-ақ тұруға жарамды, от
жағылатын мансардтар мен мезониндер алаңы кіреді.

    Жалпы пайдалы тұрғын алаңға конструкциялық элементтері

           18

⇐ МАЗМҰНЫ
   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23